Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет119/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

251-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше мәрте;
б) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, жүктерді тиеп жібермей, шот-фактуралы пайдалана отырып:
в) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
252-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi шотына билiк ету шектелген мүлiкке қатысты заңсыз iс-әрекеттерi
Билiк етуге салық органдары шектеу қойған мүлiктi ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлкiне билiк ету шектелген адамның осындай мүлiктi беруден бас тартуы, кредит ұйымдары қызметшiсiнiң салық органдары шығыс операцияларын тоқтатып қойған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет