Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет129/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

270-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық ұйымдасқан топ немесе трансұлттық қылмыстық ұйым құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық жасау, -
мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу, -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
271-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу
1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған басшылық жасау, -
мүлкi тәркiленiп он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, -
мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп он жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
272-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу
1. Ұйымдасқан топтарды, қылмыстық ұйымдарды, қылмыстық қоғамдастықтарды, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын біле тұра жеке адамға, не бiр топ адамға не заңды тұлғаға не террористік немесе экстремистік топтарды, заңсыз әскери құрылымдарды қамтамасыз етуге ақша және (немесе) өзге де мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсету не қаржылық қызмет көрсету, -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топқа қатысушының мүлiктi сақтауы, бөлуi, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзiрлеуi, -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш көрсетiп қорқыту арқылы жүзеге асырған және бұл туралы өз еркiмен мәлiмдеген адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет