Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
312-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту 1. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру арқылы не алдау жолымен жезөкшелiкпен айналысуға тарту - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қылмыстық топ жасаған не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет, - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 313-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық 1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық - мүлкi тәркiленiп үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қылмыстық топ жасаған не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 314-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау 1. Есiрткi құралдарына немесе психотроптық заттарға немесе оларға ұқсас заттарға жатпайтын дәрiлiк немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жай беру - мүлкi тәркiленiп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Қылмыстық топ жасаған дәл сол әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.