Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет145/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

307-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу
1. Есiрткi құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттi аталған ережелердi сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Есiрткi құралдарының, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
308-бап. Санитарлық ережелердi немесе гигиеналық нормативтерді бұзу
1. Абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, зақымдануына, сәулеленуге немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелердi немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет