Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет167/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

355-бап. Басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Лауазымды адамның не меншік иесінің немесе көлік құралы иесінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ немесе тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, егер осы әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
356-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдықтарын қасақана бұзу, бүлдіру немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге, не ірі залал келтiруге, не көлiк пен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса, -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекеттер, -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, -
алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет