Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет169/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

360-бап. Магистралдық құбырлар салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
1. Магистралдық құбырлар салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк қағидаларын бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге не iрi залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
361-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату, -
мүлкін тәркілеп немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса;
б) бірнеше рет жасалса;
в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, -
мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер:
а) қоршаған ортаны ластауға әкеп соқса;
б) ірі залал келтіруге әкеп соқса;
в) қылмыстық топ жасаса;
г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет