Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет181/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

380-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
381-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
1. Қазақстан Республикасы Президентiн жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет, -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет