Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет183/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

384-бап. Өкімет өкiлiн қорлау
1. Өкімет өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария түрде қорлау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Ескерту. Өкімет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
385-бап. Өкімет өкіліне бағынбау
1. Өкімет өкілінің заңды талаптарына немесе өкіміне бағынбау -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Төтенше жағдай жарияланған жерлерде жасалған дәл сол әрекет, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
386-бап. Өкімет өкiлiне қатысты күш қолдану
1. Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану не күш қолданбақ болып қорқыту -
екі айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет