Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет184/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

387-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
388-бап. Жауапты мемлекеттiк қызметтегі лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
1. Жауапты мемлекеттiк қызметтегі лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекетiне байланысты белгiлi болған адамның жария етуi, -
үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
389-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу
Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның Мемлекеттiк наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткiзу -
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет