Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет195/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

17-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
415-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргiзуге кедергi жасау
1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi сотқа дейінгі тергеуге кедергi жасау мақсатында прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
416-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу
Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне қол сұғу, -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет