Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет57/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

101-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру
1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру
Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
104-бап. Абайсызда адам өлтiру
1. Абайсызда адам өлтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру -
бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмағанға қатысты жасалған әрекет, -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет