Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет59/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

108-бап. Денсаулыққа жеңіл ауырлықтағы зиян келтiру
Денсаулыққа жеңіл ауырлықтағы зиян келтiру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
109-бап. Ұрып-соғу
Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
110-бап. Азаптау
1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл әрекет денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқпаса, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
в) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет