Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет60/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

111-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру, -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет