Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет62/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

117-бап. Соз ауруын жұқтыру
1. Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға соз ауруын жұқтыруы, -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға, сол сияқты екі немесе одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке кәмелетке толмағанға соз ауруын жұқтыруға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы
1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған немесе ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, екі немесе одан да көп адамның абайсызда өлуiне әкеп соққан әрекет, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет