Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары


Iшкi iстер органдарының мiндеттерi



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі52,5 Kb.
#84488
1   2   3
Байланысты:
ІІО

Iшкi iстер органдарының мiндеттерi :
- қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге;
- алдын ала тергеуді жүзеге асыруға, анықтама жүргiзуге;
- қылмыс жасаған, бiрақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалағандарды iздеудi жүзеге асыруға;
- iздестiру, тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiнiң және анықтамашының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
- авария, өрт, дүлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
- жол жүрісі ережелерінің және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
- жаппай тәртiпсiздiктердi тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетуiнен қашқан сотталғандарды iздестiруді жүзеге асыруға қатысуға;
- ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
Iшкi iстер органдарының құқықтары
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге;
2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге;
3) қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
4) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
5) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
6) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналарды қолдануға құқығы бар. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.
Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi. Ішкі істер органдарына қызметке алғаш тұрушы адамдар міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияда куәландырудан, Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы арнаулы оқудан және тағылымдамадан өтеді, олар үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бастапқы арнаулы оқуға қабылдау тәртібін Ішкі істер министрі айқындайды. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерi мына негiздерде қызметінен босатылады:
-зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
- денсаулық жағдайына қарай - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы жөнiнде әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
- штаттың қысқаруына байланысты ;
- еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;
- контрактыны бұзуға не оның мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
- өз қалауымен;
- белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
- сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
- әскери-қызметтiк тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн;
- аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуiне орай;
- iшкi iстер органдарының қызметкерi деген атаққа кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;
- соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi болуына байланысты;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты қызметтен босатылады.
Iшкi iстер органдарындағы жұмыс уақыты . Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қажеттi жағдайларда белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға шақырылуы мүмкiн.Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Iшкi iстер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет және Қазақстан халқы алдындағы қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаратын немесе кадрлары болып табылатын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгi әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне олардың жеке басын және өкiлеттiгiн растайтын белгiленген үлгiдегi куәлiктер мен жетондар берiледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар берiледi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет