Қазақстан республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.12.2023
өлшемі215,6 Kb.
#136867
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат

Түркі-қазақ философиясы 
өңдеу
Толық мақаласы: Тұтас қазақ философиясы
Кейбіреулер қазақта Аристотель, Декарт, Кант секілді философиялық жүйе құрған 
ойшылдар болмаған соң, философияның болғаны да күмәнді деп есептейді. Дегенмен, бұл 
Табиғат философиясы (яғни физика,
грек. 
ta physika
, "табиғатқа қатысты") - физикалық 
әлемдегі трансформацияның құрылымы мен процессін зерттейтін ғылым;
Морал философиясы (яғни этика, грек. 
êthika
"мінезге, бейім, әдепке қатысты") - 
жақсылықты, дұрыс пен бұрысты, әділеттілік пен ізгілікті зерттейді;
Метафизикалық философия (яғни логика, грек. 
logikós
, "ақылға, сөйлеуге қатысты") - 
болмыс, себептілік, Тәңір, логика, формалар және басқа абстракт объектілерді, 
зерттейді. (мета та физика, 'физикадан' кейін) зерттейді. (грек. 
Meta ta physika

"Физиканың кейінінде")
Табиғат философиясы - әртүрлі жаратылыстану ғылымдарына, әсіресе физика, 
астрономия, химия, биология және космологияға бөлінді;
Морал философиясы - әлеуметтік ғылымдарды туғызды, сондай-аө құндылықтар 
теориясын қамтыды (мысалы, этика, эстетика, саяси философия және тб.);
Метафизикалық философия - логика, математика және ғылыс философиясы секілді 
формалды ғылымдарға жол берді, әрі эпистемология, космология және тб.-ларды әлі 
де қамтиды.


түрдегі идеялармен басыбүтін келісе салуға болмайды. Өйткені философия біреудің біреуге 
ұқсауына негізделген біртұтас бірдей нәрсе емес. Өркениеттік, этностық, дәуірлік 
ерекшеліктер ғана емес, тұлғалық ерекшеліктер де философияның әр философта әртүрлі 
болуын белгілеген. Сосын Академиялық философтарды ғана философ санап, ақынжанды 
философтарды, еркін ойларды, әртүрлі мәтіндердегі философиялық тұжырымдарды 
философияға жатқызбау үлкен қателік болар еді. Түркі-қазақ тарихында бұл екі түрлі 
философияның екеуі де болған.
Қазақ халқының жоғарғы кісілік философиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған 
ғалымдардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында "көркем образдар" ғаламы 
үстемдік ететінін байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп 
көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап келген халықтардың 
қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, 
ақынжанды халықтың арманшылдығын, аңқаулығын, ақкөңілділігін және даналығын 
білдіреді. Дегенмен сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен 
саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көміскілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.
Қазақ қазақ болғанға дейінгі философия және Қазақ қазақ болғаннан кейінгі философия 
деп бөлу - қазақ тарихындағы философия дәстүрін түсінуге мүмкіндік береді. Түркі 
халқының ажалға қарсы өміршеңдік пен жауынгерлік даңқын дәріптеген гуманист ойшыл 
Қорқыт ата, Қөқтүріктердің мемлекет құру даналығы мен ерік-жігерін тасқа қашап жазған 
Тоныкөк,, әйгілі Ырық бітік, Оғызнама шығармалары, сондай-ақ "Құтадғу
 
білік" авторы 
Жүсіп Баласағұни, перипатетик Әл-Фараби, жыраулар Сыпыра жырау, Асан қайғы, 
Доспамбет, Бұқар, Шипагерлік баян кітабының авторы Өтейбойдық, сондай-ақ Абай және 
Шәкәрім қатарлы ойшыл дана тұлғалар бір арқауға тұтасқан түркі-қазақ философия 
мәдениетінің тарихи нұсқаларын жасаушы бірегей философтар және философиялық 
туындылар есептеледі.
Қазақ философиясы төрт негізгі кезеңнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет