Гностицизм
(гр. gnostos - білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін,
мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле
алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм
(гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін
теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.
Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық
мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан
қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек.
Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-
диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.
Диалектика
(гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың,
қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ
дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп
отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің
бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы
зор (Гераклит, Пифагоршылдар).
Метафизика
. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге
мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада
«Онтология» терминіде қолданылды.
Метафизика - заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи
бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз