Өзінің рухани тарихында мифологиялық кезеңнен өтпеген халық жоқ. Сондықтан қазақ
философиясының терең қатпарларын анықтау үшін мифологияға назар аударуға тиістіміз.
Түркі қазақ мифологиясына тән басты сипат – табиғатты тірі рух түрінде қабылдап,
құрметтеу.
Көне түркілерде Тәңірлік үштік дүниетаным болған, ол "Тәңір - Кісі - Жер" деген жалпы
үштік құрылымы:
Тәңірі атауы оның болмысы мен шынайы табиғаты көшпелілерде "иудаизм, зороастризм,
манихеизм, буддизм, христиан, ислам секілділерден бұрын
қалыптасты деп батыл айтуға
болады. Бұдан Тәңірі - барлық діндарлардың атасы болды деген ойдан аулақпыз.
Керісінше, Тәңірі атауын көшпелілердің "құдайы, алласы, буддасы, исусы" болдырған, солай
атап кеткен діни туындылар, тарихи миссионерлік фактілер баршылық.
Тәңірі – субстанциялық ұғым. Ол тотемизмдік, фетишизмдік, мифологиялық ұғым емес.
Түріктердің түсінігінде Тәңірі - "көк аспан кеңістігінің, шаңырақтай үстіміздегі әлемнің,
дөңгелек, жарық жоғарғы күмбездің" иесі.
Бір сөзбен айтқанда , Тәңірі деген жерге қарама-
қарсы мағынада көк аспан кеңістігі делінетін барша әлемді қамтитын Құдірет, ғаламның
иесі, баршаның ең арғы түпнұсқа негізі дегендік.
Jer - Жер - "Тәңірі - Кісіұлы - Жер» үш қырының екінші қыры. Жер – көшпенділердің киелі де
қасиетті ұғымы. "Türük ïduq jeri subï" - "Түрік ұйық жер суы". "Жер ана, Жерұйық" деген
атаулардың барлығы осы киелі атаумен байланысты.
Kisi oγulï > кісі ұлы. Көне түріктерде "адамзат", яғни адам атаулылар. "Тәңірі- Кісіұлы - Жер"
үш қырының үшінші қыры. Демек осы үштік құрылым негізінде түрік қоғамының саяси
құрылымы мен билік жүйелері реттелген.
Көк Тәңірі,
Жер-Су мен Ұмай анадан басқа, түркі халықтарының арғы Ата-тек туралы
түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көкбөрі жаугершілік және
бостандық үшін күрес заманында қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған. Тотемдік
ілкі тек адам мен табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды дүниетанымдық түйнекке
жатады.
Көкбөрі Көк Тәңірімен байланыста түсіндіріледі. Ол – Тәңірі жердегі пендені құтқару үшін
жіберген киелі аң болып қабылданады. Х ғасыр ескерткіші болып саналатын “Оғыз қаған”
эпосындағы мифологиялық желі – Оғызды жорыққа көк бөрінің бастап жүруі. Эпос
оқиғасына тоқталсақ, ұйықтап жатқан батырдың шатырына көктен нұр сәуле түседі. Сол
көкшіл сөуледен көк жалды арлан каскыр шығып, Оғыз кағанға тіл қатады:
«О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың,
О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін”.
1. Teŋіri > Тәңірі,
2. Kisi oγulï > Кісіұлы,
3. Jer > Жер
Сондай-ақ, ошақ
бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы ретінде барлық
түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен қатар, табалдырық та
қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе керуге болмайтын еді, өйткені онда үйді
қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да бүл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды
немесе ауруларды жіберу арқылы жазалай алады.
Ғалым, фольклортанушы Б.Абылқасымов қазақтың көне наным-сенімдеріне байланысты
ғұрыптық
фольклорына ырым, арбау өлеңдері, бәдік, бақсы сарындарын жатқыза келе, бұл
аталғандарды (ырымнан басқасын) “магиялық поэзия” деп айтады. “Магиялық поэзия – әр
түрлі құбылыстарға табиғаттан тыс күштер арқылы әсер етуге болады дейтін наным-
сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатымен айтылатын ғұрып өлеңдері”.
Түркілер дүниетанымындағы ғажайып мекен қазақ әпсаналарында "Жерұйық", "Өтүкен",
"Үш қиян", "Сарыарқа", "Жиделі-Байсын" сипатында көрініс береді. Бұл мекендер құтты
қоныс болумен қатар, елдікті,
егемендікті, киелілікті танытатын символдық атауларға
айналған. Жерұйық ұғымына түркілік танымдағы тәуелсіздік тығыз байланыстырылады. Рух
мәңгі тұрақ табар мекен, яғни адамзат баласы үшін мәңгілік тұрақ мифтік танымда
ғажайып мекен ретінде сипатталады. Сондықтан да оның нақты қай жерде
орналасқандығы белгісіз. Адам баласы өзінің тірлігінде осы мекенді іздеп, соны бір көруді
аңсаумен жүреді.
Өмірдің бастауы, қайнар көзі – жердің кіндігі осы Жерұйықта деген сенім
адамзатқа ортақ мәңгілік өмірдің нысаны болып табылатын Әлем ағашының орналасқан
орны да сонда деген баянға жалғасады.
Әлем ағашы түркі мифологиясы мотивтерінен қазақ фольклорына Бәйтерек түрінде келді.
Ол – мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың,
фәни мен бақидың, аспан мен жердің,
тірі мен өлінің, тылсым мен тірліктің құдыретті де
киелі дәнекері.
Достарыңызбен бөлісу: