Философиялық сұрақтарды әртүрлі салаларға топтастыруға болады. Бұл топтастырулар
бойынша философтар ұқсас тақырыптар
жиынтығына назар аудара алады, әрі сол
сұрақтарға қызығушылық танытатын басқа ойшылдармен өзара байланыс жасауға
мүмкіндігі болады.
Тармақтарға төмендегідей бөлуді толық деуге болмайды, әрі басқа түрлі бөлулерді де
жоққа шығармайды. (Мәлім бір Философ бәлкім Кант эпистемологиясын, немесе Платон
эстетикасын, немесе жаңа дәуір саяси философиясын зерттейтін арнайы маман болуы
мүмкін). Сондай-ақ, бұл философиялық ізденістер кейде өзара
бір-бірімен және басқа
ғылым, дін немесе математика секілді ізденіс салаларымен қабаттасып жатады.
Эстетика
Толық мақаласы: Эстетика
Эстетика дегеніміз "өнер, мәдениет және табиғаттың сыни рефлексиясы". Ол өнердің
табиғатын, сұлулық пен талғамды, шаттануды, эмоционалды құндылықтарды, сезінуді және
сұлулықты жарату мен бағалауды қарастырады. Оны нақты түрде сезімталдықты, немесе
сезімтал-эмоционалды құндылықтарды
зерттеу деп есептеледі; оны кейде сезім мен талғам
туралы тұжырымдау деп атауға болады. Оның негізгі тармақтары - өнер теориясы, әдебиет
теориясы, кино
теориясы және музыка теориясы. Өнер теориясынан мысал ретінде
мысалы, белгілі суретшінің, немесе көркемөнер қозғалысының туындысының астарында
жатқан негіздік қағидаларды білу, мысалы Эдвард Мунктің"Айғайын", немесе кубизмдік
эстетика секілділер.
Этика
Толық мақаласы: Этика
Этика, кейде
мораль философиясы деп аталады, ол жақсы мен жаман қылықты, дұрыс пен
бұрыс құндылықтарды, сондай-ақ ізгілік пен пасықтықты зерттейді. Ол негізінен қалай
жақсы өмір сүруге болатынын зерттейді және моралдық стандарттарды мен нормаларды
анықтауды қамтиды. Сонымен қатар, ол "өмір сүрудің ең жақсы тәсілі бар ма?", немесе
"жалпыадамзаттық мораль стандарты бола ма?", егер болса, "оны қалай түсінуге болады?"
— Тәңіршілдік
алдыңғы орында тұрғанымен, тарихынан зороастризмнің де,
буддизмнің де, манихейліктің де іздері байқалады; Қатаң монотеистік ислам дінінің өзі
бұл аймақта таза ортодоксалды күйінде тарала қоймады.
— көбіне университеттік академиялық типте емес, поэтикалық еркін ой типінде
эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық және өсиет кітаптарында,
поэзия мен
фольклорда бой көрсетеді;
— табиғатпен үндестік, натурфилософиялық сипаттың басымдығы.
дегендерді түсіндіреді. Этиканың негізгі тармақтары нормативтік этика, метаэтика және
қолданбалы этика қатарлылар.
Этиканың "моралды не құрайды?" дегенге қатысты үш негізгі көзқарас:
Философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық
сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген
адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-
жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер
философия пәнінің негізгі
қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -
даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және
Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия»
терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және
математигі Пифагор.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі.
Дүниеге көзқарас
- дүние туралы жалпы пікірлер
жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын
болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Консеквенциализм (лат.
consequens
- "салдары, қорытындысы, нәтижесі") - іс-әрекеттер
олардан туындайтын салдары мен нәтижесі бойынша бағаланады деген идея:
жақсы
нәтиже берді,
демек жақсылық; жаман нәтиже берді, демек жамандық. Осындай
көзқарасқа жататын идеялардың бірі утилитаризм болып, ол бойынша іс-әрекеттерді
одан келіп шыққан бақыттың(рахат) молдығы және туғызған азабының(немесе қайғы)
аздығы/жоқтығы негізінде бағалау моделі.
Деонталогия (көне грекше:
δέον
- "міндет") - ол іс-әрекеттерді олардың моралдық
парыз ережелеріне ((Ережелер: міндет, изм, жақсылық ұғымы) сәйкес келетін-
келмейтіндігі бойынша бағалайды: адамгершілікке сай, демек жақсылық;
адамгершілікке қайшы, демек жамандық. Иммануил Кант қорғаған стандартты форма
бойынша, деонтология басқа адамдарды моральдық құрметтеуге негізделеді, "ар
бұйрығын" негіз етеді, ал істің нәтижесіне қарап жатпайды.
Ізгілік этикасы- ол адамды оның моралдық қасиеті бойынша өлшеп, іс-әрекеттердің
идеал моралдық ізгілік талабына сай келу-келмеуі бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: