Қазақстан республикасының МӘДЕ



бет10/12
Дата28.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103671
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі

П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.

Бет 23-26

Мультимедиялық технологиялар анимацияны, суреттерді, мәтіндерді және оқулықтың басқа да нысандарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл технология пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды виртуалдық түрде көрсетуге, көрінбейтіндерді «көрсетуге» немесе жанды етіп көрсету үшін қауіпті тәжірибелерді өткізуге мүмкіндік береді.


Мультимедиалылық есте сақтау процесін жеңілдетеді, сабақты қызықты әрі жан-жақты ширақ етуге, белсене қатысуға мүмкіндік береді, көлемді және жарқын көріністердің қалыптасуына ықпал етеді.
6.7. Интерактивті тақта (Smart Board) оқытушы мен студенттерге оқу қызметін ұйымдастырудың компьютерлік және дәстүрлі әдістерінің бірегей үйлесімін ұсынады: оның көмегімен кез келген бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге болады және бір уақытта студенттердің жеке және ұжымдық, көпшілікке кқрсетуге ұсынылатын жұмысының түрлі тәсілдерін жүзеге асыруға болады.
Аудиторияда көрсетуге арналған материалдарды ұсынудың негізгі түрі слайдтар жиынтығынан тұратын презентация болып табылады. Мұндай презентацияларды жасаудың негізгі құралына әдетте Microsoft PowerPoint бағдарламасы жатады. Дегенмен, SMART Notebook ортасы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге бағытталған арнайы әрі көлемді мүмкіндік береді.
Smart Board интерактивті тақтамен жұмыс істеу принциптері және жұмыс кезінде білім алушының іс-әрекетінің моторикасы әдеттегі бор (немесе фломастерлік) тақтаға арналған дәстүрлі тақтамен толық сәйкес келеді. Интерактивті тақтаның көмегімен Windows операциялық жүйесімен (Vista), оның стандартты қосымшаларымен немесе кез келген қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу принциптерін көрсететін өз роликтерін жасауға болады.
Осылайша, Smart Board интерактивті тақтасы онымен бірге жеткізілетін қарапайым бағдарламалық жасақтаманы пайдаланған кезде де сабақты сапалы жаңа деңгейде дайындауға және өткізуге мүмкіндік береді.
6.8. Мультимедиялық сандық подиум - электронды оқытуға, лекция өткізуге арналған бірыңғай кешен болып табылады. Барлық қажетті жабдық трибуна корпусының ішінде орналасқан. Трибуна дәріс өткізу үшін өзара байланысты барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған: кіріктірілген электрмагнитті енгізу түрі бар планшеттік монитор, электрондық қалам, микшер күшейткіш, кіріктірілген контроллер, микрофон, кіріктірілген дауыс зорайтқыштар, басқару панелі (экран, проектор, медиаплеер, жарық), коммуникациялық кабельдер жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыз ету. Есіктері қозғалмалы тақтайшамен бір мезгілде құлыпқа жабылатын металдан жасалған трибунасы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет