Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.
Даярлаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз.
Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.
Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.
Жұтқыншақтан жағынды алу
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.