Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: лотокты қолданғаннан соң регламенттелген залалсыздандыру ерітіндісінде залалсыздандырады, ал көз тамызғышын 2% сода ерітіндісінде – 15 минут немесе дистилденген суда 30 минут қайнатады.
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ КИІМІНЕ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАЛМАҒАН ТЕРІСІНЕ БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің киіміне және зақымдалмаған терісіне науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде
Дайындаңыз: 70% этил спирт ерітіндісін, дәке салфеткаларын, сабынды суды, сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.