Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным


Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу



бет2/4
Дата22.10.2022
өлшемі28,6 Kb.
#44841
1   2   3   4
2. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
6. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;
2) тамақ ішу алдында;
3) дәретханаға барғаннан кейін;
4) пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.) пациенттің күтімі бойынша іс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) жанасқаннан кейін;
6) қол анық ластанған барлық жағдайда.
7. Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды үстемелеп құюға болмайды.
8. Қолды жуу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі:
1) су құбыры кранын ашу;
2) қолды сумен сулау;
3) ылғал қолға сабынды жағу;
4) EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұсынымға қосымша);
5) қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;
6) сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе контейнерге тастау.
3. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу
9. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) инвазиялық процедураларды орындау алдында және орындағаннан кейін;
2) пациенттің тері жабындыларының тұтастығын бұзатын манипуляциялар жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
3) жарақаттармен және катетерлермен манипуляциялар алдында және одан кейін;
4) науқастың қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен, бөлінділерімен жанасқаннан кейін;
5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасу алдында және жанасқаннан кейін;
6) жаңа туылған сәбилерді қарау алдында.
10. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу екі сатыдан тұрады: қолды сабынмен және сумен жуу (8-тармаққа сәйкес) және қолды тері антисептигімен дезинфекциялау.
11. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі:
1) осы әдістемелік ұсынымның 8-тармағына сәйкес қолды сабынмен және сумен жуу;
2) қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).
12. Қолды өңдеу үшін жылы ағын су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын мен антисептиктер, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды және антисептикті үстемелеп құюға болмайды. Антисептик ретінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет