Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным



бет3/4
Дата22.10.2022
өлшемі28,6 Kb.
#44841
1   2   3   4
4. Қолды хирургиялық дезинфекциялау
13. Қолды хирургиялық дезинфекциялау мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) кез келген операциялық араласулар алдында;
2) маңызды инвазиялық емшаралар алдында (мысалы, ірі тамырларды пункциялау).
14. Қолды хирургиялық дезинфекциялау үш сатыдан тұрады: қолды механикалық тазалау, қолды тері антисептигімен дезинфекциялау, қолды стерильді бір рет қолданылатын қолғаппен жабу.
15. Қолды хирургиялық дезинфекциялау кезінде өңдеу білекті қамтиды, жылы ағын су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын мен антисептиктер, стерильді сүлгілер немесе стерильді майлықтар пайдаланылады.
16. Хирургиялық дезинфекциялау кезінде қолдың буындарын және білекті EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, сұйық сабын қосып жылы сумен жуады және стерильді сүлгімен немесе стерильді майлықпен құрғатады. Содан кейін тырнақ ұялары және тырнақ айналасындағы білікшелерді антисептик ерітіндісінде суланған бір рет қолданылатын стерильді ағаш таяқшаларымен өңдейді. Щеткаларды қолдану міндетті емес. Егер әйтсе де щеткалар қолданылатын болса, онда стерильді жұмсақ щеткаларды қолданған жөн, бұл ретте щеткаларды тек тырнақ айналасындағы жерді өңдеу үшін және жұмыс ауысымы ішінде тек алғашқы өңдеу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
Механикалық тазалау сатысы аяқталғаннан кейін қолдың буындарына 3 мл-ден антисептик жағылады және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақтай отырып, тез арада теріге ысқыланады. Тері антисептигін жағу рәсімі 2 рет қайталанылады, антисептиктің жалпы шығысы - 10 мл, рәсімнің жалпы уақыты - 5 минут.
Операция (емшара) аяқталған соң қолғапты шешеді, қолды сұйық сабынмен жуады және құнарлы крем немесе лосьон жағады.
Қолды хирургиялық дезинфекциялау сатылары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет