Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным



бет4/4
Дата22.10.2022
өлшемі28,6 Kb.
#44841
1   2   3   4
Өңдеу сатылары

Уақыты

1. Қолды механикалық тазалау:
- EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақтай отырып, қолдың буындарын және білекті сұйық сабын қосып сумен жуу;
- стерильді сүлгімен немесе стерильді майлықпен құрғату;

2 мин.

- тырнақ ұяларын, тырнақ айналасындағы білікшелерді антисептиктермен суланған бір рет қолданылатын стерильді ағаш таяқшалармен өңдеу.

Кемінде 1 мин.

2. Қолды тері антисептигімен дезинфекциялау:
- антисептикті шынтақ дозаторынан 3 мл.-ден алып, қолдың буындарына және білекке жағу. 1 өңдеуге кететін шығыс - 10 мл;


- EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін қатаң сақтай отырып, антисептикті қолдың терісіне ысқылау.

5 мин бойы

3. Антисептик толық буланғаннан кейін қолға стерильді қолғап кию.


Жұмыс аяқталған соң қолғапты шешу, қолды сұйық сабын қосып сумен жуу және кұрғау әсерінің алдын алу үшін құнарлы крем немесе лосьон жағу керек.
Қазақстан Республикасының
медициналық ұйымдары
қызметкерлерінің қолын
өңдеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымға
қосымша
EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес қолды өңдеу кезіндегі қозғалыстың жүйелілігі:




1. Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау.




2. Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру.




3. Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау.




4. Саусақтарды «құлыпқа» біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау.




5. Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау. Білекте қайталау. Қолды ауыстыру.




6. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру.

7. Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут бойы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет