6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 1. Жергілікті өкілді органдар: 2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстың жергілікті атқарушы органы: 1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді; 1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді; 3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді; 4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді; 5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; 8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді; 9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады; 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды; 12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді; 13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; 14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді; 15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді; 18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады; 20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі; 21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді; 22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды; 25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы: 2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады; 3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді; 5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; 7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді; 8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады; 9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады; 10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді; 11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды; 12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады; 13) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді; 14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді; 15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; 16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді; 25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді; 25-9) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;