Қазақстан Республикасының Министерство Білім және ғылым образования и науки


- тақырып. Жануар мен құстарды және карантиндік жүктерді тасымалдау Жануарларды тасымалдау



бет16/20
Дата07.01.2022
өлшемі83,01 Kb.
#19384
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

11 - тақырып. Жануар мен құстарды және карантиндік жүктерді тасымалдау Жануарларды тасымалдау



  Жануарларды тасымалдаудың негізгі шарттары

      Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады. 

      Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      Автокөлік құралдарды жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнату кіреді. 
      Жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады. 
      Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтауы тиіс. 
      Жануарлар мен құстарды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті - тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.

      Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс. 

      Мал тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.

      Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітуі тиіс. 

      Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен берілуі тиіс. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болуы және құлыптармен жабылуы тиіс.

      Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылыптасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылуы тиіс.

      Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.

      Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.

      Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.

      Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушылар жолда жануарлар мен құстардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығындарды төлемейді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет