Қазақстан Республикасының Министерство Білім және ғылым образования и науки


Үшінші деңгей - инженерлік қызметтер деңгейі. Мұнда



бет20/20
Дата07.01.2022
өлшемі83,01 Kb.
#19384
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
. Үшінші деңгей - инженерлік қызметтер деңгейі. Мұнда:

     1) көліктік қозғалыстың жәй-күйін зерттеу, қауіпті және "тар"

жерлерді айқындау;

       2) қауіпті және "тар" жерлерді жою, көліктік қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлы режимдері мен сызбаларын негіздеу; 
      3) көліктік қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын енгізу және ұстау
      4) көліктік қозғалыстың дамуын және көліктік қозғалысты ұйымдастырудың іс-шараларын болжау; 

     5) көлік жағдайының қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін, оның теріс ықпалының алдын-алу жөнінде тиісті іс-шараларды әзірлей отырып, зерттеу мәселелері қарастырылады және шешіледі. 
      Қалыптастырылатын қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мынадай құрылымы болуы тиіс: 

      1) жалпы мемлекеттік деңгейде - басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік билік органдарының көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ететін Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы консультативтік-кеңесші үкіметтік органның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттері, құқықтары және қатысуы нақты белгіленген "Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 391 P980391_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлігінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне ведомствоаралық бақылау ұйымдастырудың бар жүйесімен айқындалған; 

      2) мемлекеттік билік органдарының авариялықты төмендету, көліктік кешеннің қауіпсіздігін арттыру мәселелерін шешу, жер бетіндегі, әуе және су көлігінде бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу - Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволарының қызметіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік заң актілерімен айқындалған бағыттардың бірі. 

      Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы барларға: 
      1) желіге шығатын көлік құралдарына алдын-ала бақылау және техникалық байқау жүргізу, қозғалыстың белгіленген бағыттарындағы жағдайларды зерттеу; 

      2) көлік құралдарын басқаратын тұлғаларды сапарға дейінгі және кейінгі дәрігерлік куәландыру және олардың біліктілігі деңгейін арттыру
      3) көліктік уақиғаларға қызметтік тексеру және көліктік уақиғалардың пайда болу жағдайларына, оның ішінде көлік құралдарына қызмет көрсететін кәсіпорын персоналының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты себептерге талдау жүргізу; 

      4) қозғалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің техникалық құралдарын енгізу;

      5) көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналдың еңбек және демалыс мәселелерін реттейтін ішкі еңбек тәртібін сақтау бөлігінде жүзеге асыратын бақылау мен ішкі қадағалау тікелей жатқызылуы тиіс қалыптастырылған немесе перспективалық қалыптастырылатын көліктік кәсіпорындардың өздерінің инженерлік қауіпсіздік қызметі жатқызылуы қажет. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет