«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет16/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 14-4-тармағына сәйкес төмендетілген жүктемемен Үлгілік оқу жоспары бойынша 1-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәні аптасына 1 сағат оқытылатындықтан ТЖБ жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Ал жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша «Жаратылыстану» пәні аптасына 2 сағат оқытылатындықтан 3-4-сыныптарда ТЖБ жүргізіледі.

Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру


Инклюзивті білім берудің табысты практикасында білім алушы – нені, не үшін және қалай істеп жатқаны, ненің қолынан келіп-келмейтіні, не себепті қолынан келмейтіні жөнінде өз-өзіне есеп беретін, сондай-ақ нені оқып жатқанын және оқытудың нәтижесі қандай болатынын түсінетін білім беру субъектісі. Осылайша, барлық білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар педагогпен бірге өз қызметтерінің рефлексиясын жүзеге асырады.

Қашықтан оқыту туралы

  • Қашықтықтан оқыту тәртібінің нормативтік құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен «қашықтан оқыту» ұғымы «қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, педагог пен білім алушылардың өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту» ретінде нақтыланды (1-бап, 38-тармақ).

Қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың 14-тармағына сәйкес, "онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768);
  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы №373 бұйрығы. Бұйрық қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесін регламенттейтін тармақтармен толықтырылды https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021148
  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы;
  • Ұсыныстар онлайн-платформаларға, сабақ құрылымына, тапсырмалар көлеміне, бағалау талаптарына, бейнесабақтарды әзірлеуге қойылатын минимум талаптарды қамтиды; https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/20964?lang=kk
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген). 317
  • Стандартта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескеріп, барлық оқу пәндері бойынша 15 білім алушыға дейін топқа бөле отырып, карантин енгізілетіні көрсетілген. (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017669#z199).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет