«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет18/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Назар аударыңыз!

  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
  • Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ


2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда жүзеге асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2016 жылдан бастап енгізілген критериалды бағалау нақты өлшенетін критерийлер негізінде бағалауды жүргізуге, білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға және бағалауға, оқу процесін түзетуге, оқу процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ


Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша (білім алушылардың оқу жетістігі) баллдар электрондық журналға, электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады.
Педагог 2-11-сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен....) сәйкес өткізеді

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ


Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланады.
Қорытынды бағаны электрондық журнал форматында шығару кезінде баллдар саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.

Педагог:


1) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады: 13, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 14-9, 15-18, 21-26, 29-тармақтар мен тармақшалар; 360
2) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді;
3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді. Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бөлім, тоқсан, жартыжылда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет