Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
білім алушылардың білімін толықтыру;
оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;
қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:(Құжаттар қатары әдістемелік нұсқаухат 2020-2021 ; 5-7 беттерінде көрсетілген)
Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген).
ТАҢДАУ ҮШІН 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).