1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау нормативтері
№
Бақылау нысандары
Нормалар
1
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау
- директордың орынбасарлары үшін
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут
2
Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
3
Электронды сынып журналдарын тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
4
БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру
мектептің бекітілген кестесі бойынша
5
Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол берілмейді. Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс. Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды жоспарлайды.