«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет4/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

  • «Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына:
  • - 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»;
  • - 6-сыныпта «Экология»;
  • - 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»;
  • - 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;
  • - 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
  • - 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.

Назар аударыңыз!


Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.

Назар аударыңыз!

  • 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
  • Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
  • Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электрондық журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтына қосылуға өтінім беруі қажет («ББҰ қосу» командасы)
  • «Күнделік» электрондық журналын пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған жағдайда 8(727)313-18-32 телефонына немесе team@kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуға болады.
  • Электронды журналды жүргізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.

Назар аударыңыз!

  • Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.
  • Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
  • Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журналда көрсетіледі.
  • Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет