- -бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында –4 жыл сайын өткізіледі.
- Мемлекеттік аттестаттау 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.
- Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша келесідей қорытынды беріледі:
- -егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына толық сәйкес келсе, «аттестатталды»;
- -егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына сәйкес келмесе, «аттестатталмаған».
- Білім беру ұйымдары қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап, 5 жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген, бір жылдан аспайтын мерзімді көрсете отырып, заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпарат береді.
2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аудару ұсынылады. - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;
- Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
- Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
- Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
- Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
- Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
- Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
- Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
- Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |