«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат


Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет17/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

  • Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» платформаларын, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams, сонымен бірге телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сай, мұны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк оң бағалады, себебі қалыпты емес жағдайларда білім алушылардың барлығының білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат

Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат

Қашықтан оқыту нысанын анықтау қажет


Онлайн режимінде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады.
Асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде педагогтар мен білім алушылар бір-бірінен еркін түрде жұмыс істейтін ресурстары мен онлайн-сабақтары бар сәйкес білім беру онлайн-платформасын таңдау қажет.

Жазғы мектеп


2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл сайын өткізілетін болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі


Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.
Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет