«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат


ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет14/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды,
2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін (қалыптастырушы бағалау) бағаланады.
Білім алушыларды қалыптастырушы бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды өздігінен анықтайды.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі ерекшеліктердің бірі – 1-сыныпта «Әліппе» және «Ана тілі» жаңа пәндерінің енгізілуі.

«Әліппе» пәні

  • Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңі «Әліппе» пәні арқылы жүзеге асады. Тілдік және әдебиеттік білімге дайындықтың алдын ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
  • Пәнді оқытудың ерекшелігі жалпыдидактикалық ұстанымдар және
  • А.Байтұрсынұлының әдістемелік ұстанымдары негізінде айқындалды: дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
  • Әліппедегі әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
  • «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
  • Әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағатты құрайды.
  • «Әліппе» пәнінің мазмұны (І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы):

«Ана тілі» пәні

  • Әліппеден кейінгі кезең «Ана тілі» пәні арқылы жүзеге асады.
  • Пәннің құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдарына негізделген: оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
  • «Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.
  • Оқу пәнінің мазмұны:
  • 1) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
  • 2) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
  • 3) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;
  • 4) балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет