3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді.
4. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.
5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
6. Қашықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электронды журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата-аналар мен мұғалімдерге электронды журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.
7. Электронды журнал формативті бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл формативті бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).
8. БЖБ мен ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.
9. Қорытынды баға формативті бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.
Оқыту процесінде пайдалану үшін цифрлық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады:
«Duolingo». Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және тапсырмаларды таймермен орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаңызды құрайды. Сайт тегін, бірақ ақылы жағдайда жарнаманы алып тастауға болады.
«Memrise». Ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін, интерактивті тапсырмалар мен әртүрлі тақырыптарға (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) арналған жүздеген курстарды қамтитын портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз.