Мектепішілік бақылау Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту
туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының
17-қосымшасына сәйкес дайындалады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317.
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).
1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау нормативтері
Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол берілмейді.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс. Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады. Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды жоспарлайды.
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг). Сабаққа қатысу барысында:
сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне;