«Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген.
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін тереңдету және кеңейту;
қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру;
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес ісәрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту;
қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.
«Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану -математикалық бағытта: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. «Құқық негіздері» пәнінен Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу жүктемесі: қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68сағатты құрайды
2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінен оқу процесі Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша « Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалықзерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 1. Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы 2. Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы.
Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі
Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы.
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар.
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін реттеудегі жария құқықтың рөлі
Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке құқықтың рөлі.
Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау әдістері
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде халықаралық құқық нормаларын іске асырy.
Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 93-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.