4. Білім беру басқармасы басшыны ауыстыруды талап ететін/ротациялауға жататын білім беру ұйымдарын/білім беру ұйымдарының басшыларын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды (критерийлер) әзірлесін және бекітсін. Келесі өлшемшарттар (критерийлер) жүйесі ұсынылады: 1. Жалпы (негізгі) критерийлер:
−
білім беру басқармасы басшысы бекіткен ротация жоспарына сәйкес;
−
білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі көрсеткіштері
(оқыту сапасы нәтижелерінің динамикасы);
−
білім беру ұйымының түрін өзгерту (басшының кәсіби және
басқарушылық қасиеттерін жетілдіру үшін білім беру ұйымының түрін
(ауылдық-қалалық-ШЖМ-лицей-бейінді мектеп)өзгерту ұсынылады;
−
жүргізілген ротацияның тиімсіздігі себебінен ауысу (белгілі бір кезең
ішінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу нәтижелерін бағалаудың жоспарлы
рәсімі);
−
ТжКБ және жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны (9-11
сыныптар);
−
тиімді / тиімсіз бейіналды дайындық / бейіндік оқыту;
−
білім беру ұйымын тиімді цифрландыру мен ақпараттандырудың
болмауы/қамтамасыз ету;
−
тиімді / тиімсіз тәрбие жұмысы;
−
қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету / болмауы;
−
білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санатын арттыру
динамикасы (өсуі/құлдырауы).
2. Ерекше критерийлер:
−
сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінің болуы;
−
еңбек жанжалдарының алдын алу;
−
білім
беру
ұйымы
басшысының
басқарушылық
рөлдерінің
қосымшалығы (комплементарлығы) (өңір мектептерінің рейтингін өткізу
кезінде-үздік білім беру ұйымдарының 1-ші үштігінен басшылардың 2/3 үштікке
ауысуы);
−
білім беру ұйымдары басшыларының бірегей инновациялық кадрлық
әлеуетін қалыптастыру.
3. Жеке критерийлер:
32
−
бос орын (білім беру ұйымдары басшыларының туындайтын бос
орындарын толтыру мақсатында);
−
зейнетке шығу;
−
денсаулық жағдайы бойынша;
−
жұмыстан босату және басқа жұмысқа ауысу.