Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі



бет2/5
Дата02.10.2023
өлшемі46,19 Kb.
#112491
1   2   3   4   5
Зерттеу өзектілігі: Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады. Қазақ халқында өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А.Э.Измаилов халықтық тәлім-тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады», - дейді.
Тұрмыстық мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде ақыл-ой тәрбиесінің алатын орны мен оның түрлерін сабақта пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: - Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен түрлеріне сипаттама;
- Тәрбие мәні мен түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері;
- Ақыл-ой тәрбиесі және оның мазмұны мен міндеттері;
- Сабақ барысында ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамыту;
- Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары;
Курстық жұмыстың обектісі; Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштер деп айтады.
Курстық жумысиың пәні; Ақыл- ой тәрбиесінің мазмұны.
Курстық жұмыс құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден зерттеу өзектілігі,пәні, міндеттері,әдістері,2 тараудан кортындыдан,әдебиеттер тізімінен тұрпды.


І. Аыл-ой тәрбиесінің оқу-тәрбие процесінде .


1.1Тәрбие мәні мен оның түрлеріне байланысты ұлы ғұлама педагогтардың айтылған пікірлері:

Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.


Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
— ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
— негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
— зиялылық біліктерді қалыптастыру;
— дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламасы мен жоспарына,оқулыққа,сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді.Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады.Олар бір-бірімен тығыз байланыста құрылған.Дидактика терминінің пайда болу тарихы. Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты “оқыту-үйрету” тәжірибесінің негізінде пайда болды.Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің,ғылымның дамуына,оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты,педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке.”Дидактика” терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің “Ұлы дидактика” деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды.Оның ойы бойынша,дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді.Ол білім берудің мазмұнын,дидактикалық принциптер мен көрнекілікті,дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп,сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің,неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің,Ресейде К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды. К.Д.Ушинский айтқандай: «Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.Даму – баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланы өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады. Ақыл-ойдың дамуы – бұл, баланың жасына тәжірбиесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда кейіннен оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процессінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту, тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды. Білімдерді меңгеру ақыл-ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі – айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады.Бұл білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады. Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында – 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.Ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қақорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтиелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады.
Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана түседі.Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. «Сәбилер» тобында – балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, «Мектепке даярлық» тобында – транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыра білуге тиіс.Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.
Балалар игеруге тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз:
Қарапайым білімдер - бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті.
Күрделі білімдер – бұл білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негіздерінің бірі – білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі – белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы.Балалар айналадағы ортамен танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар – балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: «Шөптің не керегі бар?», «Сиыр жеу үшін бе?», «Ал сиыр оны неге жейді?», «Сүт шығу үшін бе?», «Ал сүт неге керек?», «Балаларға беру үшін бе?», «Неге балаға сүт беру керек?» – т.б.
Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдар мен араласу кезінде оны іс жүзінде қолдану арқылы жетіле түседі және де тіл психикалық үрдістерді қайта қараудың негізгі ойлау құралы болып табылады. Сөз қорының дамуы және тілдің грамматикалық құрылысы – мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен тез өседі. Егер бала грамматикалық заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамның өз бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмас еді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік пікірлесуді қолданудың балалар абстрактілі ұғымдар көмегімен ойлайды екен. Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандағы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын көрсетіп берді.
Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Алты жасар қыздан көптеген суреттер ішінен жануарлар бейнелерін іріктеп алу тапсырылды:
- «Аю-жануар»
- Неге олай ойлайсың?
Ол орманда тұрады, ол үлкен жануар және бал жегенді ұнатады.
Пілде жануар. Ол Африкада тұрады. Міне, түлкіде жануар. Ол қояндарды ұстайды.
Мысалы, 6 жасар баланың сөздік пікірлесуі осындай болып келеді. Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы емес. Сөз-қоғамдық тәжірбиенің бір бөлігі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғарынағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады. Тілді меңгермейінше, мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес, десек те тіл психикалық жағдайды жасайды деп айтуға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процесстерге тілдің қатысуы үстінде тәрбиелеу мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.
Балалар сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар орнатуды талап етеді. Сондай-ақ, мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып, қарапайым ойлау іс-әрекетінің көмегімен ойша шешуге көшеді. Басқаша айтқанда, ойлаудың көрнекі іс-әрекет формасы негізінде ойлаудың көрнекі бейнесі формасы қалыптаса бастайды.
Ойлау – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс. Ойлау дегеніміз – шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжіриебесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын жүзеге асырады. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет