Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры ЖЫРДАРИЯ
Жамбыл ақындығының танымдық-тағы-
лымдық жоғарғы мәні сол – ол бүгін де бізбен
бірге. Ол біз үшін нерге, жалпы ұлтқа талмай
қызмет етудің мәңгі жасайтын үлгісі болып
қала береді. Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан
>бішұлы Назарбаев ұлы жырау жайлы былай
деген еді: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу
етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның
себебі, Жамбыл арманының адамзаттық арман-
аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан
да, қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы
ретінде құрмет к рсетіп, лмес рухының ал-
дында басымызды иеміз. Қазақ халқы барда,
оның тілі мен діні аман тұрғанда, адалдық пен
адамдықтың, әділеттілік пен ізгіліктің жаршы-
сы – Жамбыл да мәңгі жасай бермек». Осынау
парасатты пайымның халықтық тұжырым болып
қабылдануына толық негіз бар.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021
жылы 5 қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік
бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған
ұлттық құндылықтарды таным мен тағылым
тұрғысынан бағамдап, келешек ұрпаққа сақтап
жеткізу туралы ойларымен де тұспа-тұс келіп
отыр. Жырау шығармашылығындағы к терілген
негізгі идея ел бірлігі мен тұтастығын жырлау
екендігі айқын. Осы тұрғыдан алып қарағанда
қуатты, тегеурінді жыр алыбы Жамбылдың
шығармалары тәуелсіз Қазақстанның жасампаз
істерімен үндесіп жатыр.
Ақынның мерейтойларында әр бес жыл
сайын жамбылтану саласындағы жетістігіміз бен
кемшілігімізді сараптап, бағыт-бағдарымызды
анықтап алу дәстүрімізге айналып келеді. Сондай
атаулы күндердің әрқайсысында Жамбылдың аты
асқақтап, халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа бір
биікке к терілгендей болады. Ұлы ақынымыздың
асыл мұрасы ткен ғасырда кеңестік идео-
логия құрсауында қараусыз қалмай, тәуелсіз
ұрпақпен бірге жасайтын мәңгілік қазынаға
айналғанына уақыт куә болуда. Сондай-ақ ақын
туындыларының қадір-қасиеті з елімізбен
шектеліп қалмай, дүниежүзінің елуге тарта
халқының тіліне аударылып, әлем әдебиетінің
алтын қорына қосылуы жұртымыздың жақсы
атын жер-жаһанға таныта түсуде.
Жамбыл Жабаев – суырып салма леңнің
де, толғау лең, қысқа эпиграмма, экспромт,
эпикалық дастан шығарудың да шебері. Ол
халқымыздың рухани дүниесіне қуатты да
міршең жырлары арқылы мәңгі шпес үлес
қосты. Ақын шығармаларына ден қойсақ, оның
кер замандағы теңсіздікті күйіне с з еткенін
байқаймыз. Жыр алыбы қарапайым халықтың
ауыр тұрмысына аяныш білдірді, ел тағдырына
алаңдады. >ділдікті, адалдықты, адамдықты,
оған қоса ерлікті, бірлікті уағыздады. Жалғандық
пен опасыздықты, жалпы халық мүддесіне жат
нәрсенің қандайын болса да ащы әжуа, алмастай
кесіп түсетін мысқылмен аяусыз шенеп отырды.
С йтіп, ол тәуелсіздік идеясын, адамгершілік,
ар-ождан мәселелерін ту ғып к терді.
Жамбыл Жабаев шығармашылығының басты
тақырыптық зегі – адам мен заман. Сол дәуірде
мір сүрген замандастарының жақ сылығы
мен жамандығын, адамдығы мен надан дығын,
адалдығы мен арамдығын сарапқа салып, үлкен
философиялық ой түйіндеулер жасай білген.
Уақыт лшеміне салып адам баласының әрбір
жасаған ісіне түптің түбінде бір жауаптың бар
екендігін ақын тебірене отырып толғайды.
Сондықтан да жырау болмысына терең бойлап
бағамдағанда, дүниенің зіндік лшемі оның
ұрпағына қалдырған адами істері екндігіне
кәміл сенесіз. Мазмұнды толғау, халықтық асыл
мұра Жамбылдың шығармашылық нері мен
негесіне сапалы үлес қосты.
Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының
қай жанрында жырласа да, зінің дария диа-
позонды тынысымен тереңнен тербеп, шалқар
шабытымен шымырлап ағатын дария сынды
талант иесі. Ақын шығармашылығы парасатқа,