Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына республикалық бюджеттен 1 873,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Оның ішіңде тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. теңге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. теңге, қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. теңге, кітап серияларын шығаруға 262,9 млн. теңге қарастырылған.
2007 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей бірқатар жұмыстар атқарылды.
2007 жылғы жасалған дүниелер
І-тарау бойынша:
Қазақстан Республикасы Египет Араб, Сирия Араб Республикаларымен Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта жаңғырту және Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, Каир қаласында Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту туралы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Қазіргі уақытта Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу үшін жер учаскесі бөлініп, бұзылған үйлердің иелеріне төлемақы төленді. Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен мешітін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2007 жылғы жасалған дүниелер
ІІ-тарау бойынша:
Қазба жоспары бойынша талдау жұмысы жүргізілді, тұрғын жайлар үйлерге топтастырылды, Талғар аулалары үшін жаңалық болған керамикалық поддон – ванна түріндегі санитарлық құрылғылары бар бөлмелер табылды. Ұқсас аналогтары ортағасырлық Отырар аулаларында кездеседі.