ҚазаҚстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл


адамның ӨміР сүРу конституциялыҚ ҚұҚығын жүзеге асыРу



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата21.01.2017
өлшемі8,11 Mb.
#2404
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70

адамның ӨміР сүРу конституциялыҚ ҚұҚығын жүзеге асыРу 
боЙынша мемлекеттік-ҚұҚыҚтыҚ меХанизмінің түсінігі
Едресова Г.Ш.,
ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы магистратурасының аға оқытушы-әдіскері, 
полиция майоры
Мемлекет  аумағындағы  кез  келген  адам  мемлекет  тарапынан  қорғауға  алынатыны,  ал 
оның құқықтары мен бостандықтары мемлекетпен кепілдендірілуі тиіс екендігі барлығына 
мәлім. Осыған орай, адам баласының өмір сүру құқығы да іс жүзінде жүзеге асырылуы үшін 
мемлекеттік органдар жүйесі тарапынан белгілі бір механизмдердің болуын талап етеді. Осы 
тұрғыдан қазақстандық зерттеуші А. Жұбанғалиева «адамның құқықтары мен бостандықтарын 
қорғау, қамтамасыз ету және жүзеге асыру мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың барлық 
салаларын қамти отырып, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының басым да басты мақсаты 
мен  мазмұнына  айналады»,  -  деп  айтады  [1,  21  б.].  Бұл  түсінікті  де,  өйткені  «егеменді 
Қазақстанның даму барысындағы қазіргі сатысында, біздің айналамыздағы болмыста адамға, 
оның құқықтары мен бостандықтарына деген шынайы құрмет әлі де орын алмай отыр», ал 
мұның себебі «азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын елемеу түрінде көрініс 
тапқан  бірнеше  он  жылдық  бойы  тоталитарлық  жүйе  кезіндегі  құқықтық  сананың  теріс 
өзгеруі индивидтің қорғаусыз қалу жағдайын қалыптастырғанында», - дейді Н.З. Сеитова 
[2, 5 б.].
Қалай болса да ҚР Конституциясының 15-ші бабында бекітілген «әркімнің өмір сүруге құқығы 
бар» деген ережесі [3] оны жүзеге асыратын нақты мемлекеттік-құқықтық механизмдерсіз 
декларация ретінде қала бермек. 
Демек,  адамның  өмір  сүру  конституциялық  құқығын  жүзеге  асырудың  мемлекеттік-
құқықтық механизмі деген ұғымға түсінік беру қажеттілігі пайда болады. Мұндай түсінік 
беру  мәселесін  әдістемелік  мәселелер  қатарына  жатқызуымыз  керек,  өйткені  осы  ұғымға 
сүйене отырып аталмыш механизмдердің айрықша белгілерін, сыныпталуын, ішкі табиғатын 
және т.с.с. проблемаларды шешуге болады. 
Жоғарыда тұжырымдалған сауалдың жауабын Қазақстан Республикасы Конституциясының 
түсініктемелерінен табуға болатын сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 
түсіндірме сөздігі адамның өмір сүру құқығына мынадай түсінік береді: «өмір сүру құқығы – 
адамның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізгі құқығы. Өмір 
сүру құқығы өз ерік-жігерін, еркін танытып, талап-тілегі мен нанымына, құнды қасиеттеріне 
сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Ешкім де 
өмірден еріксіз айрылуға тиісті емес. Конституция бұл құқықты қорғайды. Өзге құқықтар 
мен бостандықтар өмір сүру құқығына қатысты басқа да маңызды актілерде жинақталған 
(1948-ші  жылғы  Адам  құқығының  жалпыға  бірдей  декларациясы,  3-бап;  1966-шы  жылғы 
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт, 6-бап)» [4, 85-85 бб.].
Осы келтірілген түсініктемеден екі негізгі ережені ерекше бөліп көрсету қажет: 1) адамның 
өмір сүру құқығын Конституция қорғайды; 2) адамның басқа құқықтары мен бостандықтары 
өмір сүру құқығына тікелей қатысты, яғни осы құқыққа негізделеді.
Академик  Ғ.Сапарғалиевтің  басшылығымен  жарық  көрген  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының  түсініктемесінде  адамның  өмір  сүру  құқығын  қамтамасыз  ету  және 
қорғау құралдарының екі негізгі түрі көрсетілген, олар: 1) конституциялық кепілдіктер; 2) 
салалық заңнама. 
Ол жерде конституциялық кепілдіктер туралы былай делінген: 
reSume
The article is devoted to the question of presumption of the normartive acts legal acts legality. 
Inspite of diametral position of scientists, the author inclinces to the position of lawyers, they 
consider  that  the  situation  of  uncertainty  is  not  only  an  indisputable  fact,  but  also  it  needs  to 
study and improvement of legal regulation. The author identifies several aspects that characterize 
the presumption of legality of the normative legal acts. 
On the base of analysis of the present legislative system, the author is found that the legal 
regulation of legality the normatives acts ensure by strict complience of the established proceduras 
and their adoption and protest by special way (only by the courts).
44
недостаточность правового регулирования их законности. 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Конституция Российской Федерации: принята всенародным голосованием 12.12.1993 
(с учетом поправок, внесенных Законами РФ о поправках к Конституции РФ от 30.12.2008 
№  6-ФКЗ,  от  30.12.2008  №  7-ФКЗ,  от  05.02.2014  №  2-ФКЗ,  от  21.07.2014  №  11-ФКЗ)  // 
Собрание законодательства РФ. - 2014. - № 31. - Ст. 4398.
2. Бабаев В. К. Презумпции в советском праве. – Горький, 1974. - C. 14.
3. Спасович В.Д. Обзор решений гражданского кассационного департамента правительствующего 
Сената, по вопросам гражданского и торгового права // Журнал гражданского и уголовного 
права. - СПб., 1873. - Кн. 2. - С. 177.
4. Щёкин Д.М. Юридические презумпции в налоговом праве : дис. ... канд. юрид. наук. 
– М., 2001. - 200 c.
5. Ойгензихт В.А. Презумпции в советском гражданском праве. - Душанбе: Ирфон, 1976. 
- С. 6-22.
6.  Веденеев  Е.Ю.  Роль  презумпций  в  гражданском  праве,  арбитражном  и  гражданском 
судопроизводстве // Государство и право. - 1998. - № 2.
7.  Астемирова  Л.А.  К  вопросу  о  материально-правовых  презумпциях  //  Российская 
юстиция. – 2008. - № 7.
8. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. - М., 2012. - С. 485.
9 Гражданский процессуальный кодекс Российской Федерации от 14.11.2002 № 138-ФЗ 
(ред. от 21.07.2014) (с изм. и доп., вступ. в силу с 06.08.2014) // Собрание законодательства 
РФ. - 2002. - № 46. - Ст. 4532.
10.  Лыгин  Н.Я.,  Ткачев  В.Н.  Международно-правовые  стандарты  и  конституционная 
законность  в  российской  судебной  практике:  научно-практическое  пособие.  -  М.:  Статут, 
2012. - 526 с.
11.  Определение  Конституционного  Суда  РФ  от  04.12.2007  N  966-О-П  «По  жалобе 
гражданина Поспелова Александра Леонидовича на нарушение его конституционных прав 
отдельными положениями статьи 29 Патентного закона Российской Федерации» // Вестник 
Конституционного Суда РФ. – 2008. - №2. 
12.  О  судебной  системе  Российской  Федерации:  Федеральный  конституционный  закон 
от 31.12.1996 № 1-ФКЗ (ред. от 05.02.2014) // Собрание законодательства РФ. - 1997. - № 
1. - Ст. 1. ч. 3 ст. 5
13.  Братановский  С.Н.,  Деменчук  Д.В.  Обеспечение  законности  в  государственном 
управлении. - М., 2015. - C. 51.
ТҮЙІН
Мақала  нормативтік-құқықтық  актілер  заңдылықтарының  презумпциясына  арналған. 
Ғалымдардың диаметриальды позицияларына қарамастан, автор белгісіздік жағдайы даусыз 
факты ғана емес, сонымен бірге құқықтық реттеу салаларының зерттелуі мен жетілдірілуін 
талап етеді деп санайтын заңгерлер ұстанымына назар аударады. Мақалада автор нормативтік-
құқықтық  актілер  заңдылықтарының  презумпциясын  сипаттайтын  бірнеше  аспектілерді 
атап көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға жүргізілген талдаудың негізінде құқықтық актілер заңдылықтарының 
құқықтық реттелуі оларды қабылдау және айрықша тәсілмен оларға наразылық білдіру (сот 
тәртібімен ғана) сияқты қатаң түрде белгіленген процедуралармен қамтамасыз етілетінін 
автор анықтаған.
РЕЗЮМЕ
Данная статья посвящена вопросу презумпции законности нормативных правовых актов. 
Несмотря на диаметральные позиции ученых, автор склоняется к позиции юристов считающих, 
что  ситуации  неопределенности  не  только  являются  неоспоримым  фактом,  но  и  требуют 
изучения и совершенствования сферы правового регулирования. В статье автор выделяет 
несколько  аспектов,  характеризующих  презумпцию  законности  нормативных  правовых 
актов. 
На основе проведенного анализа действующего законодательства автором установлено, что 
правовое регулирование законности правовых актов обеспечивается строгим соблюдением 
установленных  процедур  их  принятия  и  исключительным  способом  их  опротестования 
(только в судебном порядке).
Д.В. Деменчук

46
«Өмір сүру құқығы абсолютты да ажырамас болып табылады және бірқатар конституциялық 
кепілдіктер  арқылы  қамтамасыз  етіледі»,  ал  осы  кепілдіктердің  қатарына  келесілері 
жатқызылған:  «жасына  келгеніне,  науқастанғанына,  мүгедек  болғанына,  асыраушысынан 
айырылғандығына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру (28-бап), денсаулығын сақтауға 
және  кепілді  медициналық  көмек  көлемін  тегін  алу  құқығы  (29-бап),  бейбіт  әрі  қарусыз 
жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу және тосқауылдарға 
тұру құқығы (32-бап). Конституция адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін 
деректер  мен  жағдаяттарды  жасырғаны  үшін  лауазымды  адамдардың  жауапкершілігін 
көздейді (31-бап)» [5, 70 б.].
Жоғарыда көрсетілген Конституцияның 28-ші, 29-шы және 31-ші баптарына қатысты ешбір 
сауал болмаса да, 32-ші бапқа қатысты белгілі бір күмәннің пайда болуы абзал. Өйткені, 
біздің түсінігімізше, өмір сүру құқығын қамтамасыз ететін кепілдіктің бір қасиеті болуы тиіс, 
яғни мұндай кепілдік сақталмаған жағдайда адамның өмір сүру құқығына тікелей нұқсан 
келуі ықтимал. Мысалы, жасы келген, науқастанған, мүгедектікке шалыққан, асыраушысынан 
айырылған адам баласы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікпесе оның өміріне тікелей 
қатер туатыны сөзсіз. Сол сияқты, кепілді медициналық көмек көлемін тегін алу құқығына 
қол жеткізе алмаған адамның да өмір сүру құқығына тікелей қатер туады. 
Демек, жоғарыда көрсетіліп кеткен конституциялық кепілдіктер қатарынан осы норманы 
алып тастаған жөн болып көрінеді. 
Енді, адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету және қорғау құралдарының екінші түрі, 
яғни салалық заңнамаға тоқталайық. Жоғарыда көрсетілген Конституцияның түсініктемесінде ол 
жөнінде былай айтылған: «Өмір сүру құқығы Конституциямен ғана емес, салалық заңнамамен 
де  қорғалады.  Өмір  сүру  құқығы  адамның  қаза  болған  күніне  дейін  өз  маңыздылығын 
сақтайды» [5, 70 б.]. 
Осы орайда салалық заңнаманың келесі түрлері келтірілген: 
-  денсаулық  туралы  заңнама  (мысалы,  адамның  өмірін  сақтап  тұратын  медициналық 
аппаратура оның өлімі расталғаннан кейін ғана өшірілуі мүмкін), 
- қылмыстық заңнама (Қылмыстық кодексте адамның өмірін қорғайтын бірқатар нормалар 
белгіленген, соның ішінде, адам өлтіргені үшін, өзін-өзі өлтіру жағдайына дейін жеткізгені 
үшін, қауіпті жағдайда тастап кеткені үшін, науқас адамға көмек көрсетпегені үшін және 
т.с.с. қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген), 
-  әкімшілік  құқықтық  заңнама  (Әкімшілік  кодексте  адам  өмірін  қорғау  мақсатында 
еңбек  пен  халықтың  денсаулығы  саласындағы  құқық  бұзушылықтар  үшін  жауапкершілік 
орнатылған), 
- азаматтық құқықтық заңнама (Азаматтық кодекстегі адамды өлді деп жариялау туралы 
нормалар), 
- қылмыстық атқарушылық заңнама (мысалы, өміріне қауіп-қатер төніп тұрған сотталған 
адамның өзін қауіпсіз жерге аударуды талап ету құқығы) [5, 70 б.]. 
Осы сауалға жауап бере отырып тікелей байланыс туралы айтсақ болады. Себебі, құқықтық 
механизм адамның жүріс-тұрысын реттейтін ережеден ғана емес, осы ережені жүзеге асыруға 
көмектесетін  кепілдіктерден  де  құралады.  Ал,  мемлекеттік-құқықтық  механизмге  келсек 
– ол нормативтік құрамнан басқа, осы нормативтік ережелер мен кепілдіктерді іс жүзінде 
қолданысқа алатын субъектілерден де тұрады. 
Демек, жоғарыдағының барлығын қорытындылайтын болсақ адамның өмір сүру конституциялық 
құқығын жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық механизмі дегеніміз осы конституциялық 
құқықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер мен бұл кепілдіктерді 
қолданатын (жүзеге асыратын) мемлекеттік органдар жүйесі деуге болады. 
Қазақстандық зерттеуші М.Б. Үсенова адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын 
қамтамасыз ету механизмдеріне мынадай анықтама береді: «адамдардың өз құқықтарының 
қорғалуын  талап  етіп  жүгіне  алатын  және  тұлғаның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қорғау бойынша өз құзыреті шегінде барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті барлық 
мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдар мен қоғамдық құрылымдарды» адам құқықтары 
мен бостандықтарын қамтамасыз ететін механизмдерге жатқызу керек.
Бұл  автор  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ететін  жалпы  механизмін 
қарастырғандықтан оның құрамына қоғамдық ұйымдарды да қосқан. 
Біздің  жағдайымызда,  яғни  мемлекеттік-құқықтық  механизмінің  құрамына  қоғамдық 
ұйымдарды  қосу  дұрыс  болмайды  деп  есептейміз,  өйткені  бұл  ұйымдар  азаматтармен 
Г.Ш. едресова 

47
Адамның өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік
және заңды тұлғалардың қатысуымен құрылғандықтан оларға мемлекеттің тікелей қатысы 
болмайды. Демек, біздің қарастыратын механизмдеріміз мемлекеттің қатысы бар механизмдері, 
сондықтанда олардың құрамында қоғамдық ұйымдарды қосқан қате болар еді. 
М.Б.  Үсенова  адам  құқықтарын  қамтамасыз  етудің  жалпы  механизміне  адамның  өзін 
де қосқан. Бұл жерде адам өзінің іс-қимылдары, әрекеттері арқылы өзін-өзі қорғай алады 
деген заңнамадағы норма басшылыққа алынғаны байқалады, бірақ оны жалпы механизмінің 
құрылымдық бөлігі ретінде қарастыру мүмкіндігі болғандығымен, мемлекеттік-құқықтық 
механизмінің бөлігі ретінде қарастырудан біз тартынып отырмыз. Мұның негізгі себебі, біздің 
түсінігіміз бойынша адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру кезінде оған кепілдік бере 
алатын, оны қорғай алатын тек мемлекет қана. Тек мемлекеттің ғана осы қызметті жүзеге 
асыру  бойынша  тиісті  мүмкіндіктері  бар.  Ал  адам  болса  өзінің  құқықтарының  бұзылып 
жатқанына не бұзылу мүмкіндігіне мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды өкілдерінің 
назарын аудара алады. Адам құқықтарын бұзып жатқан не бұзғалы тұрған басқа адамдарға, 
заңды тұлғаларға, өзге де субъектілерге қатысты жәй қарапайым адамның әсер ету, олардың 
әрекеттерін тоқтату, келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша мүмкіндіктері жеткіліксіз. 
Сондықтанда біз өзіміздің анықтамамызға қоғамдық ұйымдармен бірге адамды да кіргізбей 
отырмыз және өзіміздің ұстанымымызды дұрыс деп санаймыз. 
Сонымен,  М.Б.  Үсенованың  берген  анықтамасы  да,  біздің  беріп  отырған  анықтамамыз 
да бір біріне ұқсас болып келеді, өйткені бірдей негізге сүйенеді. Бірақ, олардың арасында 
үлкен айырмашылықтың бар екендігін де айтуымыз керек. М.Б. Үсенова адам құқықтары 
мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ету  механизмінің  құрамына  мемлекеттік  органдар  мен 
қоғамдық ұйымдарды, сондай ақ адамның өзін де жатқызады. Бұл органдар мен ұйымдарды 
біріктіретін бір ғана қасиет адам құқықтарын қорғау олардың құзыретіне кіреді. 
Біздің түсінігіміз бойынша механизм ұғымы, құзыретіне адам құқықтарын қорғау міндеті 
кіргізілсе  де,  тек  қана  мемлекеттік  органдармен  және  қоғамдық  ұйымдармен,  шектеле 
алмайды. Мұның негізгі себебі тиісті органдар мен ұйымдардың міндеті адам құқықтарының 
кепілдіктерін тиісті құқықтық процедуралар арқылы жүзеге асыру болып табылады. Кеңірек 
түсіндіретін болсақ, егер механизм анықтамасында мемлекеттік органдармен қатар олардың 
адам  құқықтарының  кепілдіктерін  жүзеге  асыру  бойынша  қызметінің  міндетті  екендігі 
көрсетілмесе, іс жүзінде адам құқықтары мен бостандықтары қорғаусыз қалатыны сөзсіз.
Мәселені  басқа  жағынан  да  көрсетуге  болады.  Мемлекеттік  органдардың  болуы  адам 
құқықтарын қорғау үшін аздық жасайды, өйткені адам құқықтарын қорғау бойынша тиісті 
процедуралар болмаса және аталмыш органдар осы процедураларды міндетті түрде қолданып 
отырмаса адам құқықтары қорғаусыз қалады. Сондықтан өмір сүру құқығын жүзеге асыру 
бойынша  мемлекеттік   құқықтық  механизмінің  құрамына  біз  мемлекеттік  органдармен 
қатар  тиісті  кепілдіктерді  де  қосып  отырмыз  және  өзіміздің  осы  көзқарасымызды  дұрыс 
деп есептейміз. 
Іс  жүзінде  кейбір  қазақстандық  авторлардың  осындай  түсінікке  сүйенетінін  олардың 
еңбектерінен байқауға болады. Мысалы, осындай түсінікке негізделе отырып С.М. Сапаралиева 
Қазақстандағы әйелдердің саяси, жеке, әлеуметтік  экономикалық құқықтарын қамтамасыз 
ету механизмдерін ашып көрсетеді [6, 15-19 бб.]. Мұны Ф.А. Кожумратованың да еңбегінен 
аңғаруға болады [7].
Сонымен қатар Р.Р. Сұлтановтың еңбегінде кездесетін көзқарасты да айтып кетейік. Бұл 
ғалым, білім алу құқығын қарастыра отырып, оның жүзеге асырылу механизміне мынадай 
анықтама береді: «азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру механизмінің мағынасы 
тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттерінде  бекітілген  оның  білім  саласындағы  әлеуметтік 
мүмкіндіктерін нақты жүріс тұрысқа, нақты қоғамдық қарым қатынасқа өткізу арқылы көрініс 
табады» [8, 7б.]. Бұл тәсіл өмір сүру құқығына қатысты қолдануға келмейді, өйткені өмір 
сүру мүмкіндігі нақты қарым қатынастарға өткізілуді талап етпейді. Адам баласы тумысынан 
бұл  құқыққа  ие  және  тумысынан  оны  пайдалана  бастайды.  Демек,  өмір  сүру  құқығының 
ерекшелігі сол оның болу фактісінің өзі бұл құқықтың пайдаланылып жатқанын білдіреді, 
яғни бұл субъективті құқықты пайдалану үшін ешбір құқықтық механизмінің қажеті жоқ. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабы адам құқықтары мен бостандықтары 
идеясын  бекітуден  басталады:  «Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам 
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» (1-ші тармақ). ҚР сы Конституциялық 
Кеңесінің 21-ші желтоқсан 2001-ші жылғы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші 
46
«Өмір сүру құқығы абсолютты да ажырамас болып табылады және бірқатар конституциялық 
кепілдіктер  арқылы  қамтамасыз  етіледі»,  ал  осы  кепілдіктердің  қатарына  келесілері 
жатқызылған:  «жасына  келгеніне,  науқастанғанына,  мүгедек  болғанына,  асыраушысынан 
айырылғандығына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру (28-бап), денсаулығын сақтауға 
және  кепілді  медициналық  көмек  көлемін  тегін  алу  құқығы  (29-бап),  бейбіт  әрі  қарусыз 
жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу және тосқауылдарға 
тұру құқығы (32-бап). Конституция адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін 
деректер  мен  жағдаяттарды  жасырғаны  үшін  лауазымды  адамдардың  жауапкершілігін 
көздейді (31-бап)» [5, 70 б.].
Жоғарыда көрсетілген Конституцияның 28-ші, 29-шы және 31-ші баптарына қатысты ешбір 
сауал болмаса да, 32-ші бапқа қатысты белгілі бір күмәннің пайда болуы абзал. Өйткені, 
біздің түсінігімізше, өмір сүру құқығын қамтамасыз ететін кепілдіктің бір қасиеті болуы тиіс, 
яғни мұндай кепілдік сақталмаған жағдайда адамның өмір сүру құқығына тікелей нұқсан 
келуі ықтимал. Мысалы, жасы келген, науқастанған, мүгедектікке шалыққан, асыраушысынан 
айырылған адам баласы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікпесе оның өміріне тікелей 
қатер туатыны сөзсіз. Сол сияқты, кепілді медициналық көмек көлемін тегін алу құқығына 
қол жеткізе алмаған адамның да өмір сүру құқығына тікелей қатер туады. 
Демек, жоғарыда көрсетіліп кеткен конституциялық кепілдіктер қатарынан осы норманы 
алып тастаған жөн болып көрінеді. 
Енді, адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету және қорғау құралдарының екінші түрі, 
яғни салалық заңнамаға тоқталайық. Жоғарыда көрсетілген Конституцияның түсініктемесінде ол 
жөнінде былай айтылған: «Өмір сүру құқығы Конституциямен ғана емес, салалық заңнамамен 
де  қорғалады.  Өмір  сүру  құқығы  адамның  қаза  болған  күніне  дейін  өз  маңыздылығын 
сақтайды» [5, 70 б.]. 
Осы орайда салалық заңнаманың келесі түрлері келтірілген: 
-  денсаулық  туралы  заңнама  (мысалы,  адамның  өмірін  сақтап  тұратын  медициналық 
аппаратура оның өлімі расталғаннан кейін ғана өшірілуі мүмкін), 
- қылмыстық заңнама (Қылмыстық кодексте адамның өмірін қорғайтын бірқатар нормалар 
белгіленген, соның ішінде, адам өлтіргені үшін, өзін-өзі өлтіру жағдайына дейін жеткізгені 
үшін, қауіпті жағдайда тастап кеткені үшін, науқас адамға көмек көрсетпегені үшін және 
т.с.с. қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген), 
-  әкімшілік  құқықтық  заңнама  (Әкімшілік  кодексте  адам  өмірін  қорғау  мақсатында 
еңбек  пен  халықтың  денсаулығы  саласындағы  құқық  бұзушылықтар  үшін  жауапкершілік 
орнатылған), 
- азаматтық құқықтық заңнама (Азаматтық кодекстегі адамды өлді деп жариялау туралы 
нормалар), 
- қылмыстық атқарушылық заңнама (мысалы, өміріне қауіп-қатер төніп тұрған сотталған 
адамның өзін қауіпсіз жерге аударуды талап ету құқығы) [5, 70 б.]. 
Осы сауалға жауап бере отырып тікелей байланыс туралы айтсақ болады. Себебі, құқықтық 
механизм адамның жүріс-тұрысын реттейтін ережеден ғана емес, осы ережені жүзеге асыруға 
көмектесетін  кепілдіктерден  де  құралады.  Ал,  мемлекеттік-құқықтық  механизмге  келсек 
– ол нормативтік құрамнан басқа, осы нормативтік ережелер мен кепілдіктерді іс жүзінде 
қолданысқа алатын субъектілерден де тұрады. 
Демек, жоғарыдағының барлығын қорытындылайтын болсақ адамның өмір сүру конституциялық 
құқығын жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық механизмі дегеніміз осы конституциялық 
құқықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер мен бұл кепілдіктерді 
қолданатын (жүзеге асыратын) мемлекеттік органдар жүйесі деуге болады. 
Қазақстандық зерттеуші М.Б. Үсенова адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын 
қамтамасыз ету механизмдеріне мынадай анықтама береді: «адамдардың өз құқықтарының 
қорғалуын  талап  етіп  жүгіне  алатын  және  тұлғаның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қорғау бойынша өз құзыреті шегінде барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті барлық 
мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдар мен қоғамдық құрылымдарды» адам құқықтары 
мен бостандықтарын қамтамасыз ететін механизмдерге жатқызу керек.
Бұл  автор  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ететін  жалпы  механизмін 
қарастырғандықтан оның құрамына қоғамдық ұйымдарды да қосқан. 
Біздің  жағдайымызда,  яғни  мемлекеттік-құқықтық  механизмінің  құрамына  қоғамдық 
ұйымдарды  қосу  дұрыс  болмайды  деп  есептейміз,  өйткені  бұл  ұйымдар  азаматтармен 
Г.Ш. едресова 

48
бабының 1-ші тармағын ресми түсіндіру туралы» № 18/2 Қаулысында бұл норма Қазақстан 
Республикасы үшін жалпы адами құндылықтардың басымдығын көрсетеді делінген [9].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-ші бабының 2-ші тармағында бекітілген 
«адам  құқықтары  мен  бостандықтары  әркімге  тумысынан  жазылған,  олар  абсолютты  деп 
танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деген нормаға қатысты өз ойымызды 
білдіргіміз келеді. 
Осы норма жөнінде отандық ғалымдар Қ.К. Айтхожин мен Е. Сексембаева былай дейді: 
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының айыруға 
жатпайтыны, оның құқықтары мен бостандықтарының абсолютты, айыруға келмейтін және 
әрқайсысына  тумысынан  бітуінен  туындайтыны  оларды  заңсыз  шектеуге  жол  берілмеу 
презумпциясына негізделген» [10, 9 б.]. 
Бұл норманың түсініктемесі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 28-ші 
қазан  1996-шы  жылғы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-ші  бабының  1-ші 
тармағын  және  12-ші  бабының  2-ші  тармағын  ресми  түсіндіру  туралы  №6/2  Қаулысында 
берілген  [11].  Осы  Қаулыда  адам  құқықтары  мен  бостандықтары  ретінде  Конституцияға 
сәйкес мемлекетпен танылған және кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарды түсіну 
керек делінген. Адам құқықтары мен бостандықтарын абсолютты деп тану олардың Қазақстан 
азаматтығына  жату-жатпауына  қарамастан  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез 
келген адамға таратылады дегенді білдіреді. 
Сонымен  қатар,  Конституциялық  Кеңестің  қарастырып  отырған  Қаулысы  бойынша 
Конституцияның  39-шы  бабының  3-ші  тармағында  тізілгендерден  басқа  адам  құқықтары 
мен бостандықтарын белгілейтін заңдар орнатылған тәртіп бойынша мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық мүмкіндіктеріне қарай заңшығарушы органмен өзгертілуі мүмкін. Бұл аталмыш 
норма мазмұнының ресми түсінігі. 
Өмір сүру құқығының ажырамастығына ешбір күмән келтіре алмаймыз. 
Ал енді өмір сүру құқығының біздің елімізде абсолютты сипаты бар дегенге келісу қиын. 
Оның  себебі  адамның  кез  келген  құқығы  абсолютты  болуы  үшін  оны  бірде-бір  жағдайда 
бұзуға ешбір құқықтық мүмкіндік туғызылмауы керек. Сол кезде ғана адамның белгілі бір 
құқығын абсолютты деп тануға болады. Бұған дәлел жоғарыда келтірілген Конституцияның 
12-бабындағы 2-ші тармақ. 
Құқық теориясында құқықтық норма мен оның негізінде пайда болатын құқықтық қарым-
қатынастың бір бірімен тығыз байланысы дәлелденген. Сондықтан құқықтық норманың түрі, 
оның  негізінде  туындайтын  қарым-қатынасқа  әсер  ететіні  сөзсіз.  Сол  сияқты  белгілі  бір 
қарым қатынастың сипатын анықтау арқылы оның негізінде жатқан норманың да ерекшелігін 
білуге мүмкіндік туады. Осы ережелерді «адам құқықтарының абсолютты сипаты» ұғымына 
қолданып көру үшін алдымен «абсолютты» деген ұғымның түсінігін анықтау керек. Құқық 
теориясында нормаларды сыныптау кезінде мұндай ұғым қолданылмайды, бірақ құқықтық 
қарым-қатынастарды сыныптау барысында кеңінен кездеседі. Құқықтық қарым қатынастар 
әртүрлі белгілер бойынша сыныпталуы мүмкін, мысалы, салалық белгі бойынша (қылмыстық 
құқықтық,  азаматтық  құқықтық,  конституциялық құқықтық,  т.б.),  құқықтың  атқаратын 
функциялары бойынша (реттеуші, қорғаушы), пайда болу негізі бойынша (жалпы, нақты) 
[12, 142-143 бб.]. 
Осындай белгілердің ішінен субъектілердің анықталу дәрежесі бойынша барлық қарым- 
қатынастарды  абсолютты  және  қатысты  (относительные)  деп  бөлу  кездеседі.  Қатысты 
қарым-қатынастарда  екі  тарап  нақты  белгіленген  және  бір біріне  қатысты  құқықтар  мен 
міндеттерге  ие  (мысалы,  өмір  сүру  құқығына  нұқсан  келтірген  адам  мен  жәбірленушінің 
арасындағы  қарым-қатынас).  Абсолютты  қарым-қатынастың  бір  тарапы  ғана  белгіленген 
яғни, субъективтік құқықты иеленуші. Қарым-қатынастың екінші тарапы құқықтық міндетті 
атқарушы субъект нақты анықталмаған, яғни бір субъект субъективтік құқықты иеленеді, 
ал  басқа  субъектілердің  барлығы  осы  субъективтік  құқықты  бұзбауы  тиіс  [12,  143  б.]. 
Мұндай  көзқарасты  көптеген  ғалымдар  құптайды,  мысалы,  С.С.  Алексеев  [13,  97-98  бб.] 
және  т.б.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда  өмір  сүру  құқығының  негізінде  пайда  болатын 
қарым қатынастарды абсолютты деп айтуымыз керек және бұл кез келген адамның табиғи 
құқықтары мен бостандықтарына қатысты болуы тиіс. 
Отандық  ғалымдардың  ішінен  осыған  қатысты  ойды  А.Б.  Сейфуллинаның  еңбегінен 
көреміз. Оның айтуынша адам құқықтары мен бостандықтарын құқыққа сай шектеу ретінде 
Г.Ш. едресова 

49
«табиғи және ажырымас құқықтар мен бостандықтарға тиіспестен, заңмен көзделген негіздер 
мен белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатын құқықтар мен бостандықтар көлемін 
тарылтуды»  түсіну  керек  [14,  7  б.].  Өмір  сүру  құқының  табиғи  және  ажырамас  құқықтар 
қатарына  жататыны  сөзсіз.  Демек,  құқықтық  мемлекетте  өмір  сүру  құқығы  шектелмеуі 
тиіс. «Адам құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы шектеу демократиялық емес 
қоғамдарға тән қасиет және мұндай шектеу заңи формаға алынғанымен, мазмұны бойынша 
табиғи құқық идеяларына қайшы келеді», дейді ғалым [14, 7 б.]. 
Өмір сүру құқығы абсолюттылық сипатқа ие болуы үшін осы құқықтың бірде-бір жағдайда 
заң  бойынша  бұзылмауына  кепілдік  бар  ма?  Ондай  кепілдік  жоқ,  өйткені  Қазақстанның 
заңнамасы бойынша адамның өмір сүру құқығын кейбір жағдайларда бұзуға болады, яғни 
осы құқықтан адамды айыруға болады. Мысалы, Конституцияның өзінде 15-ші баптың 2-ші 
тармағы «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» деген сөзбен басталып оның 
арғы жағында «Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен 
белгіленеді...», делінген. Келтірілген нормаларды басқаша сөзбен айтқанда былай түсінуге 
болады - өз бетінше адам өлтіруге болмайды, адамды тек заңмен белгіленген жағдайда ғана 
өмірінен айыруға рұқсат етіледі.
Демек,  Конституцияның  өзі  адам  өмірін  кейбір  жағдайларда  қиюға  мүмкіндік  береді. 
Олай  болса  адамның  өмір  сүру  құқығы  абсолютты  болып  табылмайды  деген  қорытынды 
жасаймыз. Яғни, Конституция түсініктемесінде адамның өмір сүру құқығы абсолютты болып 
табылады деп басып айту әлі де ерте. Ал елімізде қазір қалыптасқан жағдайды заңдастыру 
үшін Конституцияның 12-бабындағы 2-ші тармаққа кейбір заңмен белгіленген жағдайларда 
адамды өз құқықтары мен бостандықтарынан айыруға болады деген мағынада толықтыру 
енгізу қажет. Осындай жағдайда ғана қалыптасқан ахуал құқықтық арнаға түседі. 
Әрине, адамның өмір сүру құқығының абсолютты болмауы тек біздің Конституциямыздың 
ерекшелігі  екен  деуге  болмас,  өйткені  адам  құқықтарына  қатысты  ең  ірі  де  маңызды 
халықаралық құжаттардың өзінде (1966-шы жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы 
Пактіде) адамның өмір сүру құқығы абсолютты болып табылмайды. 
Сонымен, адамның өмір сүру құқығының абсолютты сипатына, осы құқықты кепілдендіретін 
конституциялық кепілдіктер тізіміне қатысты біздің конституциялық доктринамызды толықтыру 
керек деп қорытындылаймыз. Мұндай толықтыруларды тез арада жасаған жөн, өйткені олар 
мемлекеттік органдар тәжірибесінде, келешекте әзірленетін саяси және құқықтық құжаттарда 
белгілі бір қателіктерге алып келуі және қате түсінік қалыптастыруы мүмкін. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Джубангалиева А.Г. Конституционно-правовые основы права на жизнь: автореф. дис. 
... канд. юрид. наук: 12.00.02. - Алматы, 2004. – 30 с. 
2.  Сеитова  Н.З.  Конституционно-правовые  основы  защиты  трудовых  прав  и  свобод 
гражданина и человека в Республике Казахстан: автореф. дис. … канд. юрид. наук: 12.00.02. 
– Алматы, 2005. – 30 с. 
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған // 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. – 1996. - №4. – 217 құжат.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті Жарғы, 
1996. – 368 б. 
5. Конституция Республики Казахстан. Комментарий / под ред. Г. Сапаргалиева. – Алматы: 
Жеті Жарғы, 1998. – 432 с. 
6. Сапаралиева С.М. Конституционно-правовая защита прав женщин в Республике Казахстан: 
автореф. дис. … канд.юрид.наук: 12.00.02.–Алматы, 2005. – 30 с. 
7. Кожумратова Ф.А. Права женщин в Казахстане: теория и практика: автореф. дис. …
канд. юрид. наук: 12.00.01. – Алматы, 2003. – 32 с. 
8. Султанов Р.Р. Организационно-правовые вопросы реализации конституционного права 
на  образование  в  Республике  Казахстан:  автореф.  дис.  …  канд.  юрид.  наук:  12.00.02.  – 
Алматы, 2006. – 32 с. 
9. Об официальном толковании пункта 1 статьи 1 Конституции Республики Казахстан: 
Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 21 декабря 2001 года 
№18/2 // Казахстанская правда. – 2001. – 29 декабря. 
10. Айтхожин К., Сексембаева Е. Конституционные основания ограничения прав и свобод 
человека и гражданина в Республике Казахстан // Фемида. – 2001. - №3. – С.7-12.
Адамның өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік
48
бабының 1-ші тармағын ресми түсіндіру туралы» № 18/2 Қаулысында бұл норма Қазақстан 
Республикасы үшін жалпы адами құндылықтардың басымдығын көрсетеді делінген [9].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-ші бабының 2-ші тармағында бекітілген 
«адам  құқықтары  мен  бостандықтары  әркімге  тумысынан  жазылған,  олар  абсолютты  деп 
танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деген нормаға қатысты өз ойымызды 
білдіргіміз келеді. 
Осы норма жөнінде отандық ғалымдар Қ.К. Айтхожин мен Е. Сексембаева былай дейді: 
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының айыруға 
жатпайтыны, оның құқықтары мен бостандықтарының абсолютты, айыруға келмейтін және 
әрқайсысына  тумысынан  бітуінен  туындайтыны  оларды  заңсыз  шектеуге  жол  берілмеу 
презумпциясына негізделген» [10, 9 б.]. 
Бұл норманың түсініктемесі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 28-ші 
қазан  1996-шы  жылғы  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-ші  бабының  1-ші 
тармағын  және  12-ші  бабының  2-ші  тармағын  ресми  түсіндіру  туралы  №6/2  Қаулысында 
берілген  [11].  Осы  Қаулыда  адам  құқықтары  мен  бостандықтары  ретінде  Конституцияға 
сәйкес мемлекетпен танылған және кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарды түсіну 
керек делінген. Адам құқықтары мен бостандықтарын абсолютты деп тану олардың Қазақстан 
азаматтығына  жату-жатпауына  қарамастан  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез 
келген адамға таратылады дегенді білдіреді. 
Сонымен  қатар,  Конституциялық  Кеңестің  қарастырып  отырған  Қаулысы  бойынша 
Конституцияның  39-шы  бабының  3-ші  тармағында  тізілгендерден  басқа  адам  құқықтары 
мен бостандықтарын белгілейтін заңдар орнатылған тәртіп бойынша мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық мүмкіндіктеріне қарай заңшығарушы органмен өзгертілуі мүмкін. Бұл аталмыш 
норма мазмұнының ресми түсінігі. 
Өмір сүру құқығының ажырамастығына ешбір күмән келтіре алмаймыз. 
Ал енді өмір сүру құқығының біздің елімізде абсолютты сипаты бар дегенге келісу қиын. 
Оның  себебі  адамның  кез  келген  құқығы  абсолютты  болуы  үшін  оны  бірде-бір  жағдайда 
бұзуға ешбір құқықтық мүмкіндік туғызылмауы керек. Сол кезде ғана адамның белгілі бір 
құқығын абсолютты деп тануға болады. Бұған дәлел жоғарыда келтірілген Конституцияның 
12-бабындағы 2-ші тармақ. 
Құқық теориясында құқықтық норма мен оның негізінде пайда болатын құқықтық қарым-
қатынастың бір бірімен тығыз байланысы дәлелденген. Сондықтан құқықтық норманың түрі, 
оның  негізінде  туындайтын  қарым-қатынасқа  әсер  ететіні  сөзсіз.  Сол  сияқты  белгілі  бір 
қарым қатынастың сипатын анықтау арқылы оның негізінде жатқан норманың да ерекшелігін 
білуге мүмкіндік туады. Осы ережелерді «адам құқықтарының абсолютты сипаты» ұғымына 
қолданып көру үшін алдымен «абсолютты» деген ұғымның түсінігін анықтау керек. Құқық 
теориясында нормаларды сыныптау кезінде мұндай ұғым қолданылмайды, бірақ құқықтық 
қарым-қатынастарды сыныптау барысында кеңінен кездеседі. Құқықтық қарым қатынастар 
әртүрлі белгілер бойынша сыныпталуы мүмкін, мысалы, салалық белгі бойынша (қылмыстық 
құқықтық,  азаматтық  құқықтық,  конституциялық құқықтық,  т.б.),  құқықтың  атқаратын 
функциялары бойынша (реттеуші, қорғаушы), пайда болу негізі бойынша (жалпы, нақты) 
[12, 142-143 бб.]. 
Осындай белгілердің ішінен субъектілердің анықталу дәрежесі бойынша барлық қарым- 
қатынастарды  абсолютты  және  қатысты  (относительные)  деп  бөлу  кездеседі.  Қатысты 
қарым-қатынастарда  екі  тарап  нақты  белгіленген  және  бір біріне  қатысты  құқықтар  мен 
міндеттерге  ие  (мысалы,  өмір  сүру  құқығына  нұқсан  келтірген  адам  мен  жәбірленушінің 
арасындағы  қарым-қатынас).  Абсолютты  қарым-қатынастың  бір  тарапы  ғана  белгіленген 
яғни, субъективтік құқықты иеленуші. Қарым-қатынастың екінші тарапы құқықтық міндетті 
атқарушы субъект нақты анықталмаған, яғни бір субъект субъективтік құқықты иеленеді, 
ал  басқа  субъектілердің  барлығы  осы  субъективтік  құқықты  бұзбауы  тиіс  [12,  143  б.]. 
Мұндай  көзқарасты  көптеген  ғалымдар  құптайды,  мысалы,  С.С.  Алексеев  [13,  97-98  бб.] 
және  т.б.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда  өмір  сүру  құқығының  негізінде  пайда  болатын 
қарым қатынастарды абсолютты деп айтуымыз керек және бұл кез келген адамның табиғи 
құқықтары мен бостандықтарына қатысты болуы тиіс. 
Отандық  ғалымдардың  ішінен  осыған  қатысты  ойды  А.Б.  Сейфуллинаның  еңбегінен 
көреміз. Оның айтуынша адам құқықтары мен бостандықтарын құқыққа сай шектеу ретінде 
Г.Ш. едресова 

50

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет