Ќазаќстан республикасыныњ


КНА 2207 – ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ



Pdf көрінісі
бет123/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   416
КНА 2207 – ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Автор: 
Сейітжанов Зұфар – филология ғылымдарының докторы, қазақ 
әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының профессоры 
Пікір жазғандар: 
Тілепов Ж. – филология ғылымдарының  докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры 
Ержанова С. – филология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университетінің профессоры 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Қазақ  халық  әдебиетінің  ұзақ  даму  тарихы  бар.  Ол  сонау  алғашқы  
қауымның  ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүруде. Фольклор 
әр  қоғамдық  өмір  шындығына  сәйкес  өзгеріп,  өңделіп  жаңа  мазмұнға  ие 
болады.  Фольклорлық  мұралардың  кейбір  жанрлары    тұрмыс-тіршілікпен 
тікелей  байланысты  болғандықтан,  оның  танымдық,  тәрбиелік-эстетикалық  
тағылымы  мол,  ол  халық  өмірінің,  тарихы  мен  мәдениетінің  поэтикалық  
шежіресі іспетті. Сан ғасыр халықтың  рухани азығына айналған  фольклор 
шығармаларын оқып игеру филолог мамандар үшін маңызы зор. 
Халық  әдебиетінің  негізгі  жанрлары  тұрмыс-салт  өлеңдері,  кіші 
жанрлар  мен  лирикалық  өлеңдер,  аңыздық,  ертегілік  проза  мен  эпикалық 
жыр-дастандар  және  ақындар  айтысы  мен  балалар  фольклоры  т.б.  Бұл 
шығармалар  іштей бірнеше жанрлық түрге жіктеледі. Халық әдебиетінің қай 
жанры  болса  да  ұрпақтар  санасына  ерлік  пен  елдікті,  адамгершілік-ізгілікті 
сіңіре беретін құдыретті күші бар. 
Жалпы  курсты  өтуге  қажетті  алғы  пәндер  тізімі:  Әдебиет  теориясы, 
Көне дәуір әдебиеті,  тарих, этнография, музыка. 
Пән  мазмұнына  негізделген    білімі  және  оны  пайдалану  машығы  мен 
бейімділігі: 

«Қазақ  халық  ауыз  әдебиеті»  пәнін  оқу  арқылы  студент  халық 
әдебиетінің тарихын, оның туып, қалыптасуын, әртүрлі даму кезеңдерін және 
саралануы мен зерттелуін жан-жақты қарастырады; 

Осы кезге дейін өздерінің  танымдық-эстетикалық мәнін жоймаған 
тұрмыс-салт  өлеңдері,  кіші  жанрлар,  лирикалық  өлеңдермен  шешендік 
сөздер,  аңыздық  және  ертегілік  проза,  эпикалық  жырлар  мен  ақындар 
айтысы,  балалар  фольклоры    тәрізді    жанрлардың    жиналып-жариялануын, 
зерттелуін,  олардың  идеялық-тақырыптық,  мазмұн-мағынасын,  жанрлық 
ерекшеліктерін, көркемдік кестесін біледі
- Фольклорлық мұралар әдеби-көркемдік жағынан  жазба әдебиеттің бір 
арқауына айналып, оны дамытып-байытудағы мән-маңызын түсіне алады; 


 
71 
- Жекелеген фольклорлық шығармалардың нұсқаларын салыстырып, өз 
бетімен  талдауына  және  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  терең  зерттеп-
зерделеуіне мүмкіндік береді, жағдай жасайды. 
“Халық  ауыз  әдебиеті”  оқу  пәні  бойынша  бакалаврдың  шешуші 
құзыреттілігіне қойылатын талаптарБакалаврдың: 
-  Халық  әдебиетінің  жанрлық,  тақырыптық  әр  алуандығын  сөз  ете 
отырып,  студенттердің  білімін  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан 
жүйелі толықтыратындай түсінігі болуға тиіс; 
-  Халық  әдебиетінің  жиналу,  жариялану,  зерттелу  жай-күйін  жан-
жақты хабардар ету;  
-  Фольклорлық мұралардың генезисі, тарихилығы, жанрлық белгілерін 
ұғындыра білуі тиіс; 
-  Кей  жанрлардың  тұрмыс-тіршілікпен  тікелей,  кейбірінің  жанамалай 
қатыстылығын пайымдату; 
-  Фольклордың  синкреттік,  көпқабаттылық,  дәстүрлілік  сипатын 
таныту; 
-  Фольклор  поэтикасының  өзіне  тән  ерекшелігі  мен  образ  жасау 
тәсілдерін меңгеретіндей білігі болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет