Ќазаќстан республикасыныњ


Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет126/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері 
Рулық  қоғамдағы  фольклор.  Рулық  қоғамдағы  фольклордың  тууы  мен 
қалыптасуы,  еңбек-кәсіптің  рөлі.  Жаратылыс  туралы  ұғымдар  мен  тұрмыс-
тіршілік  тәжірибесінің  орнығуы.  Үй  іші,  ру,  тайпа,  арасындағы  қатынастар. 
Анееркі(матриархат)  мен  (патриархат)  дәуірі.    Ескі-наным    сенімдер  мен 
түсініктер:  анимизм,  тотемизм,  антромофизм,  фетишизм,  магия  т.б.  және 
олардың фольклорға әсері. Мифтік сана мен мифтер (тотемистік, дуалистік, 
этимологиялық мифтер). Шаманизм, бақсылар қызметі. Қазақ фольклорының 
және жанрлары: мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы әңгімлер мен жырлар, 
бақсы  сарынын,  арбау,  бәдік,  алғыс,  қарғыс,  түрлі  рәсімге  байланысты 
өлеңдер, ертегілер, көне эпостар. 
Феодалдық  қоғамдағы  фольклор.Түркі  қағанаты,  орта  ғасыр,  қазақ 
хандығы кезіндегі халық әдебиетінің дамуы. Ислам дінінің әсері. Түркі жазба 
ескерткіштері, ақындық, жыраулық, поэзияның фольклорға қатысы. Эпостық 
жырлар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер мен 
жырларының қалыптасуы, дамуы. 
Қазақстан  Ресейдің  боданы  болуына  байланысты  фольклордағы  жаңа 
тақырыптар. Лирикалық өлеңдер мен ақындар айтысының дамуы. Жұмысшы 
фольклоры,  дастан  жанрының  таралуы  және    1916  жылғы  ұлт-азаттық 
көтерілісіне байланысты туған халықтық шығармалар. 
Кеңес дәуіріндегі  фольлордағы  өзгерістер,  көне  жанрлардың  тағдыры. 
Кеңес дәуірінде пайда болған фольклор үлгілері. Төңкерістік өлеңдер, еңбек-
кәсіп,  колхоз  тақырыптарына  байланысты  туған  өлең-жырлар,  термелер. 
Отан  соғысы  кезіндегі  фольклордың  сипаты,  отан  қорғаутылдағы  еңбек 
тақырыбы.  Жоқтау,  арнау,  көңіл  айту  өлеңідерінің  жаңаруы.  Сәлем  хат,  ән-
өлеңдер,мақал-мәтелдер. Қазіргі кездегі фольклордың жай-күйі. Беташар, той 
бастар, жар-жар өлеңдері, қара өлеңнің сипаты. Фольклор мен көркемөнердің 
(музыка,  театр,  бейнелеу  өнері  т.б.)  байланысы.  Әдеби  шығармалардың 
халық  творчествосына  ауысуы.  Қазіргі  халық  ақындарының  шығармасы. 
Жыршы-термешілер репертуарындағы сапалық өзгерістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет