72
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
«Халық ауыз әдебиеті» атты негізгі пәннің басты мақсаты мен міндеті
алғашқы қауымның ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп
келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру. Халық
әдебиетін тарихпен, көшпенділер мәдениетімен байланыстыру. Фольклорды
жанрлық түрлерге жүйелеу. Әр жанрға тән сипаттарды аңғарту. Рухани-әдеби
мұраның тарихи мәні, мазмұны мен көркемдік бітімін талдау. Түркі
халықтарының фольклордағы ұқсастықтардың болу себептерін ашып, ортақ
белгілерін айқындау.
Фольклорлық шығармалар үнемі өнердің басқа салаларымен
байланысты болғандықтан, оларға ерекше реңк үстеумен бірге байытып-
толықтырып отырады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ
фольклоры ғылыми мақсатпен жиналып, зерттеле бастады. Белгілі ғалымдар,
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин зерттеулері жарыққа шыға бастады.
Сондықтан фольклортану ғылымының қайнар көзі осы кезеңнен бастау
алады. Халық әдебиетінде тұрмыс-тіршіліктің алуан түрлі жақтары
бейнеленеді, бірақ әр жанрдың болмысқа қатысы әртүрлі дәрежеде болады.
Бағдарламада фольклордың осындай сан қырлы табиғаты ескерілді.
Достарыңызбен бөлісу: