Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет125/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   416
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Халық әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері 
«Фольклор»  -  ағылшынның  «халық  даналығы»  деген  мағынадағы  сөз. 
Халықтың  ауызша  шығарған  сөз  өнерін,  оның    табиғаты  мен  тарихын 
зерттейтін  ғылым  фольклортану/фольклористика/.Фольклордың  тарихы  мен 
теориясы  туралы  түсінік.  Халық  өнерінің  түрлері,  олардың  ішінде 
фольклордың  алатын  орны  және  фольклортанудың  басқа  ғылымдарға  
/әдебиеттану, өнертану, этнография, тіл-тарих/философия қатысы.  
Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, 
наным-сенім  өнердің  басқа  түрлерімен  байланысты  болуы.  Қазақ 
фольклорының халықтық сипаты. 
Фольклордың  ерекшеліктері.  Фольклор-ауызша  сөз  өнері,  ондағы 
сөздің  жетекші  қызметі.  Оның  жанрлары,  тұтас  көркемдік  жүйесі. 
Поэтикалық  тәсілдері  мен  көркемдеу  құралдары,  шындықты  бейнелеу 
өзгешелігі. 
Фольклор 
мен 
жазба 
әдебиет. 
Ауызша 
сөз 
өнерінің 
табиғаты:шығарманың  туу,  таралу  және  сақталу  ерекшеліктері,  мезгілі  мен 
мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік өзгешелігі 
мен шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері. 
Фольклор-ұжымдық  сананың  жемісі.  Оның  шығу,  айтылу,  даму 
процесіндегі ұжымдық көрінісі және түрлері. Дәстүрлік пен нормативтілік. 


 
73 
Фольклордың  өзгермелігі.  Вариант/нұсқа/және  версия.  Көпнұсқалық 
және 
оның 
фольклордағы 
ұжымдылық 
пен 
ауызша 
айтылуға 
байланыстылығы. 
Халық  әдебиетінің  қоғамдық-әлеуметтік  мән-маңызы  мен  идеялық, 
тәрбиелік,  әстетикалық,  танымдық  қызметтері.  Фольклор  халық  өмірінің, 
тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын олардың рухани түсініктері мен ұлттық 
ерекшеліктеріне қарай бейнелейді. 
Фольклордың  өшпес  өміршеңдігі,  аса  құндылығы-халықтың  рухани 
айнасы  екендігіне,  елдің  үміт-арманын,  тарихи-әлеуметтік  құбылыстар 
жайындағы  таным-түсінігі  мен  парасат-пайымын,  бағасын  көрсете 
алатындығында. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет