Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет127/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   416
Байланысты:
5В020500-Филология

 
 


 
74 
Тұрмыс-салт өлеңдері 
Халық  өлеңдерінің  зерттелу  тарихы  мен  классификациясы, 
фольклордың  ең  көне  үлгілері  екендігі.  Ш.Уәлиханов,  В.Радловтың  халық 
өлеңдерін  жіктеуі.  Қазіргі  зерттелу  жайы  мен  классификациялаудың 
проблемалары,  жанрдың  сипаттамасы  мен  анықтамасы.  Тұрмыс-салты 
жырларының  үй-іші,  шаруашылық,  еңбек  процестеріндегі  түрлі  салт-ырым, 
әдет-  ғұрып  ,наным-сенімдермен  байланысы.  Олардың  салтқа  тікелей  және 
жанамалы  түрде  қатысты  болуы,  ұжымдық  пен  синкреттілік    сипатының 
басымдылығы. 
Еңбек  кәсіппен  байланысты  туған  өлең-жырлардың  жанрлық  түрлері. 
Төрт  түлік  жырлар,  көшпелі  өмір-тіршіліктің  бейнеленуі,  төрт  түлік 
жайындағы ескі наным-сенімдер. 
Аңшылық  жырлары.  Ерте  кездегі  аңшылық  кәсіп    пен  бергі 
замандардағы қазақтың аңшылық-саятшылық дәстүрі және оның поэзиядағы 
көрінісі.  Наурыз  туралы  өлеңдер,  ұлыс  күні  айтылатын  тілектер.  Бұлт 
шақырып, тасаттық беру салты. 
Наным-сенімдерге(діни  ұғымдарға)    байланысты  өлеңдер.  Сөздің 
мифологиялық  қасиеті  туралы  ұғым.  Көп  құдайға  табыну  және  оларға 
қатысты  салт-ырымдар.  Бәдік,  бақсы  сарыны.  Арбау,  жалбарыну  өлеңдері. 
Халықтың  алғыс,  қарғыс,  бата  беру  салтына  байланысты  өлең-жырлары. 
Наным-сенімге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі. 
Үй  іші  салтына  байланысты  өлең  түрлері.  Үйлену  салт  жырларының 
қыз ұзатып, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы. Той бастар, 
жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, той тарқар өлеңдерін орындаушылар мен 
айтылу мезгілі. Мазмұны мен құрылысы. Қайтыс болған адамға байланысты 
айтылатын  естірту,  көңіл  айту,  жоқтау  өлеңдерінң  салтпен  байланысы.  Сөз 
бен саз үндестігі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет