Ќазаќстан республикасыныњ



бет15/28
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20042
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Научное и проектное исслед лекции.docx

Дәріс тақырыбы: Ғылыми жұмыстардың нәтижесін өңдеу
Дәріс жоспары:

1. Ғылыми жұмыстардың нәтижесін өңдеу ережелері

2. Ғылыми жұмыстарды әдеби рәсімдеу
Қорытынды жасалынып, жалпыланған соң, иллюстрацияны дайындалып, дәлелдер анық болған соң, келесі саты – алынған нәтижені есеп, мақала ретінде әдеби безендіру керек болады.

Шығармашылық еңбекті әдеби безендіру білім мен кейбір талаптарды ұстануды қажет етеді. Ең бастысы жеткізудің түсініктілігі, жүйелілігі мен материалдарды айтудың кезектілігі болып табылады.

Текстті абзацтарға бөліп, азат жолдан бастау керек. Абзацқа бөлу ережесі оқуды жеңілдетіп, мағынасын оңай түсінуге көмектеседі. Әр абзац бір немесе бірнеше абзацтан тұрып, ол абзацтар жеке ойды білдіреді.

Жазбада қайталауға жол бермеу керек, жәнеде бір абзацтағы ой толық аяқталмай тұрып келесі абзацқа көшуге рұқсат етілмейді. Жазбада дұрыс бағыңқы сөздерден құрастырылмаған, ұзақ, кіріспе сөздер болмауы тиіс. Жазба қысқа әрі түсінікті болуы тиіс. Текстте тавтология болмаса, бір сөз қайта – қайта қайталанбаса жақсы қабылданады.

Сөз факт автордың жағында болмаса да бар көзқарастарға критикалық бағалаулы болуы тиіс. Егер екі ұшты пікір бар болса, онда ол жайлы айту керек. Текстте оны баяндаушы адамға аз сілтеме жасалынуы керек. Егерде ондай бар болса онда біздіңойымызша, автордың пікірінше деген сияқты үшінші жақта сөйлеу керек.

Жазбаны сандармен, цитаталармен, иллюстрацияларды көп қолданбау керек. Өйткені ол оқушының назарын аударып, мағынасын толық түсінтпейді. Бірақта ондай материалдарды еш қоспауға болмайды, өйткені ол сынау нәтижесін көрсетеді. Жазбаның цитататық жері сілтемемен бекітілуі тиіс.

Шартты белгілер мен жіберілетін қысқартылған сөздердің барлық жерде бірдей жазылып тұрғанын қадағалау керек. Мысалы, 10 тонн немесе10 тн, немесе 10 т., деп жазуға болмайды, тек 10 т (точкасыз). Бұл стандарттар мен қысқартулар туралы ақпарат сөздіктерде, энциклопедияда бар.

Ғылыми есепті, баяндаманы, мақаланы жазғанда келесі жалпы жоспарды ұстанған жөн.

Бастапқыда атауын ойластыру керек (жұмыс атауы, ол қысқа, анық, жұмыс мазмұнына жауапты болуы керек, өйткені атауына қарай содан кейін ғылыми жұмыс каталогта жіктеледі). Басты бетте жұмыс атауы, атау септігінде жұмысты орындаушының аты – жөні, жұмысты жазған кездегі жұмысты жазушының қызыметі, жұмыс жасалған қаланың атауы мен ұйым аты, оның безендірілу жылы, ғылыми жетекшінің аты – жөні, қызыметі кіреді.

Мазмұнын қысқа формада негізгі бөлімдерді белгілеу арқылы жасалады. Жазба құрылысында мазмұнының орны не жұмыс басында не жұмыс аяғында болады.

Кейде ғылыми жұмысты безендіруде кіріспе беру керек. Онда ғылыми жұмысты жасауға не түрткі болғаны, жұмыс қашан және кім орындағаны, аталған жұмысты жасауға ықпал еткен ұйымдар мен адамдарды тізімдеу керек.

Негізгі бөлімді жазбас бұрын өзіңе оқырманды қызықтыратын сұрақтарды қойып, осы бөлім бойы оған жауап беру керек. Негізгі көңілді бұл бөлімде берілген сөздердің нақтылығына, екі ұшты еместігіне бөлу керек.

Жаңа енгізілген терминдер мен ұғымдарды толығымен түсіндіру керек. Қоғамдық және тіпті арнайы терминдерді ашу міндетті емес.

Сандық материалдар оқырманға түсінікті тілде (таблица, диаграмма, график түрінде) болуы тиіс, белгілі – бір дәлдікте болуы тиіс, өйткені олардың қателігі нәтижеге әсер етуі мүмкін. .


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Әдеби рәсімдеу қалай іске асады?

2 Баспаның қандай түрлері болады?

Дәріс № 14

Дәріс тақырыбы: Ғылыми жұмысты дайындау.

Дәріс жоспары:



  1. Тақырыптың аты, мазмұны, алғы сөз, кіріспе, әдеби шолу.

  2. Ғылыми жұмыстың мазмұны. Қорытынды, жалпы қорытындылау, әдебиет тізімі.

  3. Аннотация, баяндама

Ғылыми мәліметтердің көп бөлігін ғалымдар ауызша ақпараттар көздерінен алады- баяндамалар, хабарламалар. Олар жиналыс, семинар, симпозиум, конференцияларда және жеке кездесулер мен сұхбаттасуда алынады. Жиналыс - бір ғылыми бағыттағы ғалымдар мен мамандардың ұжымдық кездесуінің формасы.Жиналысқа қатысушылардың құрамы мен сөйлеу ұзақтығы шектеледі.

Коллоквиумда әртүрлі бағытта жұмыс істейтін ғалымдар пікір алмаса алады. Келгендердің барлығы ерікті пікір таласуға қатыса алады. Коллоквиумда ресми баяндамашылар тағайындалмайды.

Симпозиум алдын-ала дайындалған баяндамалар негізінде жартылай ресми бас қосу, онда дайындықсыз да сөйлеуге болады. Симпозиумға қатысушылар тек баяндамаларды тыңдап қана қоймай, жеке кездесе алады.

Соңғы кездерде көп тараған ақпарат алмасу түрі – конференциялар. Олардың дәрежесі қатысушыларға байланысты әртүрлі – ЖОО ішінде, қалалық, аймақтық, республикалық және халықаралық. Баяндамашылар жаңа ғылыми нәтижелер туралы баяндайды, ал қалған қатысушылар ақпараттарды қабылдайды. Тыңдаушылар сұрақтар қоюға, жарыссөзге қатысуға құқықты. Баяндамашыларға, сөйлеушілерге белгілі уақыт беріледі – регламент- секцияларда басқа көп баяндамалар тыңдалады. Конференциялар кезінде кітап, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. ЖОО және ғылыми мекемелерде конференциялар жүйелі түрде өткізіледі, мысалы, жыл сайынғы студенттік ғылыми конференциялар, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің конференциясы.

Съездер мен конгресстер өте жоғары өкілдік түріндегі кездесулерге жатады, олар ұлттық немесе халықаралық сипат алады. Оларда ғылымның белгілі саласындағы стратегиялық мақсаттар айқындалады.

Жоғарыда аталған жиындардағы басты жауапкершілік баяндамашылардың үлесінде. Ғылыми баяндама жасау – үлкен жауапкершілік. Баяндама арқылы ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетіліп, мамандардың пікірлері мен ескертпелері алынады. Бұл жағынан тыңдаушылардың сөздері мен жарыссөз өте пайдалы. Баяндама кезіндекөрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу қажет.

Баяндама жасау алдында оның тезистерін дайындап алу керек. Онда баяндаманың мазмұны қысқаша түрде баяндалады. Көлемі – 1-2 бет.

Баяндамашылар көбінесе қөрнекі құралдар мен техниканы пайдаланады. Графикалық материалдар сызу қағазына сызылады. Оған қазір плоттер қолданылады. Материалдар ретінде графиктер, диаграммалар, сызбалар қолданылады. Оларды сызғанда масштаб болмайды.

Техникалық құралдарға диапозитив, диафильм, аудио, видеожазу, видеофильм, т.б. жатады. Баяндама жасау арқылы автор өзін-өзі тексеріп, ұжымның көмегін алады. Олардың айтқан пікірлері мен сын-ескертпелері өте пайдалы. Ғылыми пікір таласуға қатысу баяндамашылар мен тыңдаушылардан белгілі бір біліктілікті талап етеді, оған үйрену қажет. Пікір талас кезінде жазуға, тыңдауға, қосымша сөйлеуге мүмкіндік бар. Пікір талас кезінде ең негізгі мақсат шындықты табу, қарсыласты жеңу емес, өйткені оның пікірі дұрыс болып шығуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет